Ақшадан ақша жасау өнерін меңгеріңіз

Ақшаңыздан айрылып қалу қаупі барын біле тұра инвестиция салу қаншалықты қажетті іс? Бұндай тәуекелге барғанша жалақымен жан бағып, ел қатарлы тіршілік еткен дұрыс емес пе? Халық арасында шешуі қиын күрделі мәселелерге орай айтылатын «былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледі» деген сөз бар. Бұндай жағдай өкінішке орай, өмірде әредік кездесіп тұрады және оны міндетті түрде шешу қажет болады. Сондайда, арбаны сындырмай, өгізді өлтірмей, яғни шиеленіскен мәселені амалын тауып оңтайлы шешу – бұл инвестор боламын деген әрбір адамның бойында болуы тиіс басты қасиет саналады. Егер мұндай қасиет бойыңызда болмаса, онда инвестициямен айналысу, сіз үшін ақшаңыздан айрылудың ең төте жолы болып қалары даусыз.

Рас, инвестиция салмай-ақ, жалақымен жан бағып жүре беруге болады. Дегенмен, қазіргі деңгейдегі жалақымен сіз аштан өлмесеңіз де, еңсеңізді тік ұстап, адам сияқты өмір сүре алмайтыныңыз анық. Қазіргі жалақымен өмір сүремін дейтін адамдардың тірлігін шығыс елдерінде ең ақылсыз, топас жануар саналатын есекті алдау үшін қолданылатын амалмен салыстыруға болар еді.

Есек үстіне жүк артып, алыс сапарға шыққанда жалқаулыққа салынып, аяғын әзер ілбіп басады. Оны үнемі таяқпен ұрып отыру қажет болады. Оның өзінде таяқ жанына батқанда сәл-пәл аяғын жылдам басқанымен, сәлден соң қайта бұрынғы тасбақа аяңына түседі. Осылайша, барар жеріне барғанша адам есектен бетер шаршап, азапқа түспек. Осыдан құтылып, есекті жылдам жүруге мәжбүрлейтін амал бар, ол үшін қожайын есектің басына салынған ноқтаға сым байлап, оған бір уыс шөпті қыстырып қояды. Есек әлгі шөпті жегісі келіп алға ұмтылады, бірақ, ноқтаға қыстырылған шөп есек алға жылжығанда ол да алға жылжиды. Осылайша, ақымақ есек шөпке жетемін деп барар жеріне дейін желіп отырады. Барған соң қожайын әлгі бір уыс шөпті есекке береді, ол ауыз толтырып асауға да жарамайтын бір уыс шөпті қылғытып алады. Осыдан кейін қайтар жолда қожайын тағы да есектің ноқтасына бір уыс шөп қыстырады. Осылайша, ауыз толтырып асауға жарамайтын бір уыс шөпке жетемін деген есек байғұс ақ тер, көк тер болып шапқылайды да жүреді. Жалақымен күн кешетін адам да сол сияқты ауыз жарығысыз жалақы үшін ақ тер, көк тер болып зейнеткерлікке шыққанша аласұрып жұмыс істейді. Содан кейін қартайып, жұмысқа жарамсыз болып қалған қарияға азын-аулақ зейнетақы беріп, алдап-сулап шығарып салады. Сөйтіп, ол адам өле-өлгенше тойып тамақ ішпей, жарқырап киіне алмай кедейшілікпен күн кешеді.

Бұндай жоқшылықтан құтылып, қаржылық бостандыққа қол жеткізгіңіз келсе, онда ақшадан ақша жасау өнерін, яғни инвестицияны үйреніп, меңгеруіңіз қажет болады.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста