Әншінің көркі – шүберек....

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бүгінде сахна төрінде өнерін өрлетіп жүрген әншілеріміздің киім киісіне қарның ашатыны рас. Сахна дегеннің өзі араб тілінен аударғанда «киелі, қастерлі» деген мағынаны білдіреді екен. Ендеше осы киелі өнер ордасының төрін сыйламайтын талант иелерінің өресіздігіне неге ашынбассың? Халық ең әуелі әншінің талантына бас иеді, одан кейін киім киісіне де басты назар аударады. Әншілердің басым бөлігі сахна мәдениетіне мән бере бермейді. Осы жайды «Алаш айнасы» тілшісі зерттеп көрген еді.

Адамның көркін ашатын шүберекке мұрын шүйіре қараса онда өзінің қадірін өзі түсіргені. Кейінгі толқын әншілеріміз шетелдік стильге құмартып жүр. Жарасып тұрса айтар сөз жоқ. Жыртық джинсы, спорттық аяқкиім, тіпті мәйкімен де шыға беретін болды. Кейде жалаңаш шықпағанына, мәйкінің үстінен галстук тағып алмағанына шүкір деуге тура келеді. Бұл біріншіден әншінің беделін түсірсе, екіншіден көрерменді сыйламағандықтың белгісі. Топ-топ болып ән шырқайтын қыздарымыз жартылай жалаңаш шығады. Олар өз өнерлерін көрсетуге емес, тәнінің сұлулығын алға тарту үшін шығатындай. Етектеріне жарты метр шүберек жетпей қалғандай, иық та жалаңаш, арқа да да жалаңаш. Оларға киелі сахнаны қорламаса екен дегің келеді. Өздеріне ұнаса өз орталарында, мейрамханада, дискотекада ән шырқасын. Халықтың құрмет тұтатын киелі өнер ордасын қорламаса екен дұрысы. Дизайнерлеріміз де қазақтың ұлттық киімін жалаңаштап жіберді. Етегі қысқарған, иығы жалаңаш, кеудесі ашық-шашық ұлттық киімдер қаптап кетті. Кейде әншілеріміз, кейде бишілеріміз киіп шыққанда ұялғаннан жерге қарайсың. Әрине, бүркеп тастасын дегіміз жоқ. Ұлттық нақыштағы киімдерімізді қор қылмай заманға лайықтап онда да шектен шығып кетпей, әдемі үйлестіре білсе ұтпаса ұтылмасы хақ. Бұрыннан өнерден сырттап қалмай сахнада жүрген әнші-апаларымыздың кейде шалбар киіп шығатыны бар. Жарасымсыз-ақ. Мүлде кимесін демейміз. Алайда көпшіліктің құрметінен мақұрым қалмаса екен дегендегіміз ғой.

Жас әншілеріміз жүріс-тұрысын жөндеп, сахна мәдениетін меңгеріп болғаннан кейін ғана өнерін ортаға салса. Әсіресе жарасымды киіне білу мәдениетін үйренсе құптар едік. Кейде классикалық үлгідегі, кейде спорттық үлгідегі киімдермен шыға беретін әншілерге айтар сөзіміз жоқ. Әр киімнің киетін ортасы болады. Талғам таразысы тым төмен өнер иелері ең алдымен өзін құрметтеп үйренсе екен. Бүгінде әсем әнімен де, киген киімімен де көрерменін баурап алған әншілер жетерлік. Мыңдаған көрермен сансыз жұлдыздардың арасынан іріктеп үш әншіні ерекше атайды. Әсіресе жарасымды киіне білетіндеріне риза. Олар Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Қарақат Әбілдина. Өнердің биік шыңына өрлеп, тыңдармандарын талантына табындырып жүрген үш жұлдызымыздың талғамдарының биіктігіне де қуанамыз. Бірде үлкен концертте Роза апамыз аппақ көйлек киіп шықты. Оң жағына қызыл раушан гүлі әсемделіп тігілген. Атына да, затына да сай болып тұр. Қандай жарасымды. Қарақаттың да киім үлгілері ерекшелігімен көзге ұрады. Бірде сұхбат барысында Қыдырәлі Болманов: «Қарақат сахналық киімдерінің негізгі дизайнын өзі жасайды. Келіп тапсырыс берулеріңізге болады» деп әзілдеп еді. Әсіресе Қарақат ұлттық нақыштағы киімдерімен талайларды тамсантып жүр. Аппақ ұлттық көйлек, басына қазақы бөрік киіп үлбіреп шыға келгенде, оған әсем әні қосылып бір жарасымдылық орнайды. Кейінгі толқын әншілер осы үш жұлдызымыздан үлгі алса дұрыс болар еді.... Сән шеберлері әншінің тапсырысы бойынша жұмыс істейді. Сахналық киімнен қай әншінің талғамы қандай деңгейде екендігі білініп тұрады. Сондықтан да қай әнші болмасын ең алдымен өзін сыйласа, талантын бағалайтын тыңдарманын сыйласа. Тән сұлулығын көрсететін орын сахна емес. Сондықтан ашықтық пен шашықтыққа құмар сұлуларымыз сахна төрінде тайраңдамай, дұрыс стильін тапса. Ең әуелі өзін-өзі мазақ қылмаса екен дейсің...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста