Анашаның қызығын қашан көреміз?

Анашаның қызығын қашан көреміз?

Ұлыбританияның GW Pharma фармацевтикалық компаниясының мамандары марихуанадан дәрі-дәрмек шығаруды өндірістік жолға қоймақ. Компанияның зерттеулер департаменті мамандарының айтуынша, сора құрамының 60-70 пайызы адам психологиясына әсер ететін заттарға жатпайды. Марихуана экстрактілері қатерлі ісік, эпилепсия мен шизофрения, семіздік пен қан қысымын емдеуде пайдаланылуы мүмкін. Бірінші кезекте марихуана негізінде крем шығарылғалы отыр. Эндоканнабиоид, адам ағзасынан бөлініп шығатын зат, марихуананың компоненттеріне өте ұқсас. Бұл тері ауруларының барлығын дерлік емдеуге болатын дәрі жасап шығаруға мүмкіндік береді.
Шыңғыс Айтматовтың білдей рома­ны­на арқау болған еліміздің Шу өңірін ма­­рихуанасы мен гашиші арқылы әлем бі­леді. 138 мың гектарды алып жатқан ал­қап­тан жылына 145 мың тонна ма­ри­хуа­на мен 6 мың тонна гашиш өндіруге бо­лады. Осы өндірілген есірткі заттары қа­ра на­рық­та жүздеген миллион долларға ба­ға­ланады. Соның салдарынан Қазақстан есірт­кі та­сы­­малдайтын транзиттік ел ғана емес, оны өндіретін алып аймаққа да ай­нал­­ды. Есірт­к­іге қарсы қарқынды күрес жүр­­гізіліп жат­қанымен, қара нарықтағы қым­­бат баға оны дайындаушылар мен са­ту­­шылардың қа­расын азайтпай отыр. На­ша алқаптарын өр­теп, улы химикаттар се­біл­­генімен де одан тек  жануарлар мен құс­­тар өлуде. Ал есірткі шөптері бұрынғы қал­пында  жай­қалып өсіп тұр.
Осы мәселелердің бәрін ескере келе, ел үкіметінің бастамасымен Жамбыл об­лы­сы­ның Шу қаласында 2004 жылы есірткі шөп­терінен халық тұтынатын тауарлар шы­­ға­ратын зауыт құрылысы қолға алын­ған болатын. Қа­зақ­стан мен Германияның бі­ріккен FESO Textile кәсіпорыны сал­мақ­шы зауыт құны 54 млн долларға баға­лан­ды. Өндірістің басты бағыты – жа­байы со­ра­дан мата, ав­­то­­мо­биль өндірісіне қа­жетті ма­­те­риалдар да­­­йын­­дау. Тіпті одан жа­са­ла­тын ма­­те­риалдар әйгілі Mer­ce­des кө­­лік­­те­рін­де қол­даныс та­ба­ды деп күткен едік. Жо­ба же­тек­­ші­­лерінің ай­­туын­­ша, бұл мата түрі мақ­­та­­дан жа­салған ма­та­дан еш кем түспейді. Әлем­­дік ав­то­­өн­діріс да­мы­ған сайын біздің да­йын­­­да­ған тех­ни­ка­лық сипат­та­ғы ма­та­ла­­­­ры­­­мызға да сұ­ра­ныс жоғары болады деп тү­сін­дір­ген еді. Со­ны­мен қатар зауыт бо­­­ла­шақ­та техникалық тал­­шықтар, құ­ры­лыс заттарын, кос­мети­ка­лық өнімдер шы­ға­руды жоспарлады. Ме­­же бойынша за­уыт құрылысы 2005 жыл­­дың соңында аяқ­та­лып, екі жылдан ке­­йін толық қуатында жұ­мыс істейді деп бол­­жа­нған еді. Жоба іске асатын болса, заң­­сыз есірткі айналымы мен пайдалану азая­ды, жергілікті жерде жаңа жұмыс орын­­­дары ашылып, ел эко­номикасына та­быс әке­леді деп күттік.
Өкі­ніш­тісі, басталған іс аяқсыз қалды. Мем­­­­ле­­кет­­тік ор­­ган­­дар та­­ра­­пы­­нан бе­­рі­ле­тін тех­­никалық-өндірістік ке­лі­сім­дер мен рұқ­­­сат бе­­ретін құ­жат­тар­дың дайын бол­­ма­­­уы­на бай­­­ла­­ныс­­ты за­­уыт құ­­ры­­лы­сы бел­­­гі­­­сіз мер­зім­­ге шегерілді. Осы­лай­ша, өзі­­міз «бір оқ­­пен екі қоян­­ды атып алатын» мүм­­­кін­­ді­­­­гі­­­­міз­­­ге тұ­сау са­­лып отыр­­мыз.
Осы ретте экономист-ғалым Тоқтар Есір­кепов: «Қоғамға қаншама зиян әкеліп отырған есірткіні халыққа пайдалы затқа ай­н­алдыруды қайткен күнде де іске асы­руы­мыз керек. Шу алқабындағы жабайы түр­де өсіп-өніп жатқан есірткі шөптерді өнер­кәсіпте пайдалансақ, ұтылмасымыз анық. Зауыт құры­лы­сының аяқсыз қалуын «пай­­да бермейді» де­ген­­­діктен тоқтап қал­ды деп ойламаймын. Біз­де бюрократиялық ке­­­дер­­­гілер де, кәсіпкерліктің дамуына зия­­­нын ти­гі­зе­тін жағдайлар да көп. Да­мы­ған ел­дер­дің біразы мұндай өсімдіктерді өз­­де­­рі өсі­ріп, пайдасын көп­теген сала­лар­да көріп отыр. Қай жа­ғынан да пайдалы ша­р­уа­дан бас тартпағанымыз аб­зал», – дей­­­ді.
Демек, біз тіпті атын атауға именетін, «қа­­­­ра сора», «анаша», «травка», «шала», «центр», «план», «әнжубас» деп атауын не­­ше шаққа жү­гір­­тіп «еркелететін»  орта­азия­­лық кан­на­биоид Cannabis indica  жер­гі­­лік­ті ма­ри­хуа­­на адамзат игілігіне қызмет ету­­ге да­йын. Мыңдаған адамдардың тағ­­­ды­ры­на көлеңкесін түсіріп отырған аса зиян­­ды та­­би­ғат құбылысымен тек қа­ра­дүр­сін жол­мен ғана күреспей, оны өз игі­лі­гі­мізге ба­ғын­­­дыру үшін заманауи тех­но­ло­гиямен жа­­рақ­танып, әлемді там­сан­ды­ра­тын жол та­буға өзіміздің ниет-құлқымыз бен қа­жыр-қайратымыз ғана жетіспей отыр­ған тә­­різ­ді.

Керек дерек
Қазіргі таңда сора (конопля) Гол­ландия экономикасына қызмет ету­де. Мұнда шикізаты есірткі шөп­те­рінен тұратын екі зауыт бар. Ав­то­көлік өнеркәсібіне арналған тал­шық­тар, қағаз, жіп, мата, май, тіпті шо­ко­лад өндіріледі екен.

Тарихи дерек
Шу алқабында сораның қай уақыттан бері өсіп жатқанын ешкім тап басып айта алмайды. ХVIII ға­сыр­дың аяғында Түркістан губернаторы генерал Кол­па­ков­ский үнді сорасының ұрығын алдырып, құм көшін тоқ­тату үшін өсірткен. Ал өзінің нашалық сапасымен бел­гілі үнді сорасы жаңа ортаға бейімделіп, сапасы кү­шейе түскен. Осыдан болар, Шу алқабының есірткі шөп­те­рі қа­ра на­рықта жоғары бағаланады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста