Алтын қамба астыққа толды

Оңтүстік Қазақстан облысында жазғы дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді, деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Оңтүстіктің шаруалары 214,4 мың га жерге егілген масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 22 центнерден, барлығы 470 мың тонна өнім жинады. Бұл Қазақстанның егенмендік алған жылдардан бергі өңір дихандарының жеткен жетістігі деп білеміз.
Мәселен, Қазығұртта 42 мың га жерге егілген астықтан гектарына 26,5 цт, Төле би ауданы 20,6 мың га астықтың әр гектарынан 26 центнерден өнім алса, түлкібастық шаруалар 24,8 мың га алқаптан 25,2 центнерден өнім алған.
Сонымен қатар, облыста дәндік жүгеріні ору науқаны басталып, 40,1 мың гектар жерге егілген жүгерінің бүгінде 3,3 мың га орылды. Оның гектарынан 42,4 цент, барлығы 13,8 мың тонна өнім жиналды. Ал 74 мың гектар жерге егілген мақсарының бүгінде 28,7 мың га орылып, одан 20,1 мың тонна өнім жиналып отыр. Алдын-ала есеп бойынша диқандар әр гектарынан 7 центнерден жалпы 52 мың тонна өнім жинауды жоспарлауда. Жалпы алғанда облыста осы жылы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.
Айта кетейік, Оңтүстік диқандарының мол астыққа кенелуіне мемлекеттік "Агробизнес 2020" бағдарламасы сеп болып отыр. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы еліміздің агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанда жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған. Агроөнеркәсіп кешен субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылы 4,5 есе ұлғайту көзделген. Бағдарламаны 2013 – 2020 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 3 122,2 миллиард теңгені құраса, оның ішінде 2016 жылы – 340,7 миллиард теңге бөлініп отыр.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста