Бүгін Алматыда «Алтын базар» сауда орталығы ашылды. Ол бүкіл Орталық Азия бойынша зергерлік бұйымдар сатуға мамандандырылған жалғыз хаб.
Орталықтың ашылу рәсіміне Алматы қаласының басшылығы қатысты, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.
Екі қабатты сауда орталығында 1400 жаңа жұмыс орны қамтылған. Орталықтың жалпы ауданы - 10 000 шаршы метр, ал сауда жасауға арналған аумағы 5 500 шаршы метрді құрайды.
«Алтын базар» сауда орталығы қаладағы кең көлемді сауда кешенінің бір бөлігі болып табылады. Оған «Армада», «Grand Park Almaty-1», «Grand Park Almaty-2» сынды сауда орталықтары енеді.
Айта кетелік, сауда кешенінің жалпы аумағы - 250 000 шаршы метр. Мұнда барлығы 12 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ. Ал барлық сауда орталықтарының көлік қоюға арналған алаңдарына 3 мың шамасында көлік сияды.
Автор: Жаппарберген Айбота