Әлеуметтік серіктестік мақсаты – еңбек тартысын болдырмау

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасында болып тұратын кикілжіңнен кейін ел ішіндегі ахуалдың кей кезде шиеленісетіні бар. Мұндай келеңсіздікке ұжымдағы қызметкерлердің немесе олардың бір бөлігінің жалақы мөлшеріне көңілі толмауы себеп болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, мүдделердің әлеуметтік қақтығысы басталады.
Алайда тәжірибе көрсеткендей, жұмыс­шылар белгілі бір себептермен орындалуы қиын жоғары талаптар қояды. Кейде жалпы мемлекеттік сипаттағы ұрандар айтылып жатады. Осы кезде еңбек тартысы саясиланып, жұмыс берушінің (жеке не мемлекеттік саладағы болсын) ғана басы қататын түйткіл болудан қалады. Сөйтіп, мемлекет пен қоғам­ға қауіп төндіретін құбылысқа айналады. Себебі өз құқығы мен мүддесін қорғауға шыққан радикалды бағыттағы жұмысшы таптың өкілдері өркениетті тәсіл­дерді қолданудың орнына жұмыс берушіге, кейде тіпті мемлекетке қарсы күш көрсетіп, қысым жасауға дайын екендерін білдіреді.
Өнеркәсіп өндірісі саласындағы жұмыс берушінің басты мақсаты – барынша пайда табу екені түсінікті. Кейде оны қарауындағы жұмысшылар есебінен жүзеге асырғысы келеді. Айталық, қандай да бір компанияның басшысы жалақы деңгейін инфляция деңгейіне сәйкес индексациялағысы келмейді немесе басқа нәрседен үнемдеуге тырысады.
Өз кезегінде жалдамалы жұмысшының да алдына қойған міндет-мақсаты бар. Ол қолайлы жағдайда жұмыс істеп, көтеріңкі жалақы алуды, өндірістің барынша автомат­тандырылып, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің сапасы артқанын қалайды. Әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақ­сартқысы келеді. Әлбетте, мұндай игілік­тің бәріне жұмыс берушінің есебінен қол жеткізсем дейді. Осындай қарама-қайшы­лықтар жоғарыда айтылған мүдделердің әлеуметтік тартысының негізін құрайды. Айта кету керек, бұл объективті кикілжің, сон­дықтан күштерді теңестіргенде ғана қандай да бір тепе-теңдікке жетуге болады. Мұны «әлеу­­­меттік серіктестік» арқылы жүзеге асыр­ған абзал. Осылайша мемлекеттік билік ор­ган­дары, компания мен фирма қожайын­дары және еңбекші өкілдері арасындағы эконо­миканы өркендету мақсатында еңбек жағдайын жақсарту және жалақы мөлшерін көтеру жөніндегі келісім әлеуметтік серік­тестікке алып келеді.
Қазақстанда бірқатар өндіріс салаларында келісімдер жүргізіп, ұжымдық келісімшартқа отыру рәсімі еңбек тартысын тиімді шешу үшін жеткілікті шарт болмауы салдарынан әлеуметтік серіктестіктің маңызы арта түседі. Мұны Жаңаөзен оқиғасы айқын көрсетіп берді.
Өз кезегінде әлеуметтік серіктестік тең ынтымақтастыққа негізделген өндірістік процестерге қатысушылардың мүдделерін ұштастыру институттары мен механизмдерінің тұтас бір жүйесін ұсынады. Еңбек шарттары мен жалақы, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері мен олардың кәсіп­орын жұмысындағы рөлі жайында ортақ шешімге келгенде ғана тараптар келісімге қол қояды.
Демек, әлеуметтік серіктестікті түрлі формада дамыту – қазіргі заманғы нарықтық экономикадағы әлеуметтік бағытты күшейту процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Дәл осы әлеуметтік серіктестік шарттары нарықтың қатал шындығына арналған қоғамдық амортизатор ретінде қарастырылады. Өйткені ол экономикалық тиімділік талаптары пен әлеуметтік әділеттілік мүдделерін ұштастыра­ды. Елдегі 500 мыңнан астам кәсіпорынды біріктіретін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамында әлеуметтік серіктестік қазақстан­дық қоғамды тұрақты дамытатын басты шарттың бірі ретінде қарастырылатыны бекер емес. «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы әлеуметтік серіктестік орталығының негізгі мақсаты – еңбек тартысының алдын алу, жұмысшыларға олардың құқығын түсіндіру, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесін талдау және жетілдіру, әлеуметтік серіктестік қағидаларын енгізу және ұжым­дық-келісімшартты реттеу болып табылады. Бұл орайда тараптардың мүддесін сәйкес­тендіруде мемлекеттің өзі тікелей арала­саты­нын және бір мезетте қабылданған келісім­дердің орындалуына кепілдік беруші ретінде көрінетінін айтқан жөн.
Әрі әлеуметтік серіктестікте орталық немесе жергілікті атқарушы билік органдары ғана емес, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП-да маңызды рөл атқарады. Кезінде «Нұр Отан» беделді қоғам қайраткерлерін келісім жүргізуге тарту идеясын қолдаған болатын.
Әлеуметтік серіктес қай қырынан көрінсе де, Қазақстандағы үйреншікті ойын тәртібін белгілі бір дәрежеде өзгертуге алып келеді. Бәлкім, бұл кәсіподақ қозғалысының рөлі мен маңызын қайта қарауды талап етер. Қалай болғанда да, бұл – аса қажетті және пайдалы институт. Ол – қоғамдағы күштердің тепе-теңдігін сақтап, қызметкерлердің мүддесін ескеруге септесетін құрал. Алайда күні бүгінге дейін қазақстандық кәсіподақтың кейбір көшбасшылары өз қызметіндегі маңызды элемент ретінде бір сәттік мүд­делерді талқылау деп түсініп келді. Әдетте олар әр қызметкердің қандай жалақы ала­тынына немесе акционердің қанша пайда табатынына ғана мән беретін. Ал бірнеше жылдан кейін кәсіпорынның қандай күйде болары, бүгінгі жұмысшылардың ұрпағы қандай жағдайда өмір сүріп, қайда жұмыс істейді деген стратегиялық мүдделер көлең­кеде қалатын.
Ал, шындығында, әлеуметтік серіктестіктің тұрақты қарым-қатынасы орнамайынша, қоғамды қалыпты дамыту мүмкін емес. Осы орайда «Самұрық-Қазына» батыстағы индус­триялық державалардың жағымды тәжіри­бесіне сүйенеді. Батыс әлемінде ондаған жылдар бойы қоғамдық сілкініс­тердің болмауы көп жағдайда еңбек пен капиталдың әлеуметтік серіктестігі арқасында. Қазақстан­да мүдделер тартысын шиеленіскен әлеумет­тік қайшылыққа айналуына жол бермеу – кәсіпкерлер, еңбеккерлер мен мем­лекеттің – үш жақты ынтымақтастығының міндеті болып табы­лады. Оны «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры әлеуметтік идеяларға сүйеніп жүзеге асы­рады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста