Әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер қалай пайда болады?

Әлеуметтік-экономикалық теңсіздік мәселесі жаһандық дағдарыспен байланысты. Қазақстан сияқты шикізатты экспорттаушы, дамушы мемлекеттерде нақ осы мәселе белең алуда. Әлеуметтік теңсіздік нарықтық экономика саясатын ұстанып отырған барлық елдерге тән. Әлеуметтік теңсіздік әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуына, адам капиталының өсуіне жағдай жасайды. Бірақ, шамадан тыс әлеуметтік теңсіздік социумның (қоғам) тұрақты дамуына қауіп төндіреді.
Теңсіздікті тереңнен зерттер болсақ, Қазақ хандығының тарихи деректерінде көшпенді қазақ қоғамында байлық малмен өлшенетіндігі айқын көрсетілген. 1803 жылы Бұхараға аттанған Я.П. Гавердовский «Қырғыз – Қайсақ даласына шолу» есебінде «Халықтың тұрмыс деңгейі ірі қара мал басымен бағаланады. Дәл осы мал олардың қоғамын бай, орташа және кедей деп бөледі» деп жазған.
Көптеген деректер қазақ даласындағы хандар мен сұлтандардың, әсіресе Абылай ханның өте көп табыны болғандығын көрсетеді. Сол кездері қазақ даласындағы теңсіздікті жойып отырған бір – біріне көрсетілетін көмек түрлері болған. Ондай көмек түрлері салт-дәстүрлермен негізделетін: қонақ асы, асар, ағайыншылық, қызыл көтеру, сауын және тағы басқалары.
Тарихшылар Погорельский мен В.Батраков деректерінде «Жағдайы бар мал шаруашылығымен айналысатын шаруа жағдайы төмен немесе ірі қарасы жоқ шаруаларға сауынды сиыр, сүтпен көмектескен» делінген. Осылайша, кеңес өкіметіне дейінгі уақытта қоғамдағы теңсіздік нақты көрінген және осы мәселені шешуде түрлі механизмдер қолданылған (өз еркімен көмектесушілер мен қайтарымсыз көмек беретіндер).
1924 жылы Қеңес Одағы құрылды және Одақтың мақсаты жеке меншікті және кәсіпкерлік қызметті тарқатуға, сонымен қатар теңсіздікті жою арқылы барлық тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталды. Халықтың табыс деңгейін теңдестіру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жоғары кәсіби мамандардың ғылыми, шығармашылық, интеллектуалды сияқты еңбек ынтасын түсірді. Соған қарамастан, тұрғындардың өмір сүру деңгейі салыстырмалы түрде жоғары болған. Елде бірнеше негізгі класстар болды: көбінесе – жұмысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, ғылыми жұмыскерлер жататын интеллигенция, сонымен қатар – басқарушы класс.
Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанның кедейшілігінің негізгі себебі – отбасылық-демографиялық фактор болды: асыраушысынан айырылу, денсаулығының нашар болуы, жасы және т.б. Осыдан өзге себептерге жұмысшының кәсіби деңгейі, аймақтардың экономикалық даму деңгейінің төмен болуы, халықтың қалада немесе ауылда тұруымен байланыстырылды.
Қазіргі таңда Қазақстандағы теңсіздіктің ресми көрсеткіштеріне халықаралық, адамзат дамуының индексі және елдің өз көрсеткіштері жатқызылады. Ресми статистикалық деректер бойынша, Қазақстандағы теңсіздік жағдайы дағдарыстық емес және жыл сайын теңсіздік көрсеткіші төмендеп келеді. Осылайша, Джини индексі 2001-2015 жылдар аралығында 0,366 дан 0,278 – ге төмендеген.
Қазақстандағы теңсіздік бірнеше көрсеткіштер арқылы анықталады: аймақтық және елді мекендік тұрғыдағы ресми көрсеткіштер, жан басына шаққандағы ақшалай көрсеткіш, еңбекақы және жұмыссыздық көлемі, «кедейшілікте» өмір сүретін халық үлесі.
Қазақстандағы адамзат дамуының индексі соңғы 14 жылда 0,107 ге жоғарылағанын көрсетіп отыр. Халықаралық көрсеткіш бойынша Қазақстан даму деңгейі жоғары (0,784-0,677) елдердің қатарына жатқызылады. Бірақ, бастапқыда, 1990-2000 жылдардағы көрсеткіш Қазақстанның даму деңгейінің орташаға жатқызылғанын (0,669-0448) аңғартады. Ресми статистика бойынша, Қазақстандағы теңсіздік көрсеткіші төмендеуде. Мысалы, децильді коэффициент (байлар мен кедейлердің арақатынасы) 2001 жылы 8,8-ден 2014 жылы 5,7-ге түскен.
Қазақстанда ТМД мемлекеттеріндегідей, аймақтық тұрғыдағы теңсіздік жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) арқылы анықталады. Бірақ, әр аймақтың экономикалық өсу деңгейі әртүрлі екендігін ескерер болсақ, көрсеткіш әр аймақта әр түрлі болып шығады. Мысалы, ЖАӨ- нің жоғары көрсеткіші Атырауға (7229,4 мың тг.) тиесілі. Ал Оңтүстік Қазақстан (907,0 мың тг.) және Жамбыл облысында (939,2 мың тг.) ЖАӨ көрсеткіші салыстырмалы түрде төмен екендігін байқатады.
Негізінен аймақтық тұрғыдағы теңсіздіктер еңбекақы төлемінің айырмашылығында. Маңғыстау облысында орташа еңбекақы 2015 жылдың 4 ширегінде 236 372 теңгені құраса, ал Оңтүстік Қазақстан облысында көрсеткіш 88 735 теңгені көрсетті. Яғни, Маңғыстау облысына қарағанда Оңтүстік Қазақстан облысының ақшалай табыс деңгейі 2,6 есеге төмен. Сонымен бірге, 2015 жылы тұрғындардың ақшалай табыс деңгейіндегі ең жоғарғы және ең төменгі айырмашылық 3,5 есені көрсетті.
Жалпы алғанда, Қазақстанда 2014 жылы табысы күнкөріс минимумынан төмен болған тұрғындар пайызы– 2,8% болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 3,1%-ды құрады. Жоғарыда көрсетілген аймақтық көрсеткіштердің бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетіні болғанымен, жұмыссыздық деңгейінде қатты ерекшелік байқалмайды. Мысалы, 2014 жылы жалпы Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құраса, ең ауытқыған көрсеткіштер Павлодар, Ақтөбе, Шығыс Қазақстанға (4,9%) және Оңтүстік Қазақстан облысына (5,4%) тән. Ал қалған облыстарда аталған көрсеткіш салыстырмалы түрде Республикалық көрсеткішке жақын.
Осылайша, аймақтық тұрғыдағы теңсіздік жалпы аймақтық өнім, табыс деңгейі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруасындағы халық саны, орташа табыстылық деңгейі және жұмыссыздық деңгейімен анықталады деп қорытындылауға болады.
Теңсіздікті қоныстану типі бойынша қалалық және ауылдық деп бөле отырып анықтар болсақ, ауылдағы кедейшілік деңгейі қаладағыдағыдан бірнеше есе көп екендігін аңғаруға болады. Статистикалық деректер бойынша, 2015 жылы ауыл тұрғындарының 4,7 %-ның табысы күнкөріс минимумынан төмен болса, қала тұрғындары үшін бұл көрсеткіш 1,3%-ды құрады. Сонымен қатар, ауылда көп балалы отбасы саны көп болғандықтан, тиісінше үй шаруашылығымен айналысатын адамдар саны жоғары.
Ауылдық инфрақұрылым сумен қамтамасыз етілу, әлеуметтік-мәдени ынта және ұмыспен қамтылу жағынан қала жағдайынан әлдеқайда артта қалып отыр. 2001 жылы күшіне енген «Ауыз су» бағдарламасының жүзеге асырылуына қарамастан, 2011 жылы 1 қаңтар айында қаланың сумен қамтылуы 82%-ды құраса, ауылдық аймақтарда бұл көрсеткіш 42,5 %-ды құрады.
Жоғарыда көрсетілген фактілерден бөлек, ауыл тұрғындарының теңсіздік мәселесі кәсіби деңгейде білім алу қолжетімсіздігіне және кәсіпкерлердің кәсіпкерлік тәжірибесінің жоқтығына да байланысты деп қорытындылауға болады.
Қазақстандағы теңсіздік мәселесін шешу мақсатында аймақтар арасындағы дисбалансты теңдестіру, сонымен қатар моноқалаларды дамыту, түрлі индустриалды жобаларды жасау сынды бірқатар шараларды жүзеге асыруға акцент қойылып отыр. Теңсіздік мәселесін шешу мақсатында жұмысбастылық пен еңбекақы көлемін арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы қолға алынды. Барлық аймақтағы жалақы көлемінің теңдей болуына қол жеткізу, сонымен қатар кедейшілікті түбімен жою мақсатында «Болашақ» бағдарламасымен мамандар оқытылуда. Яғни Жапонияны мысалға алар болсақ, кедейшілікті төмендетудің ең тиімді шарасы – білім алу деңгейін жоғарылату екендігін түсінуге болады. 2014 жылы аз қамтылған қазақстандықтардың 10 мыңы осы бағдарлама арқылы білім алуға қол жеткізді. Осылайша, мемлекет теңсіздікті төмендету мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асыруда.

Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Сабытханова Мөлдір Жәмшидқызы
1 курс магистранты
«НАРХОЗ» Университеті

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста