Әлеуметтік-экономикалық теңсіздік және қылмыс

Қысылған сезімде және әділетсіз күйде жүру кедей адамдардың, кедейлерге қарсы да, байларға қарсы да қылмыс іс жасауды қоса алғанда барлық ықтималды әдістермен орын толтыру мен қанағаттану сезімін іздеуге итермелейді.
Азаматтық және Ұлы Отан соғысы сияқты әскери апатты жағдайлар қарақшылықтың қарқынды толқындарын туғызғандай, Ресейде 80-90 ж.ж. шегінде өткізілген әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер салдарынан қылмыс толқынын туындады. Әлемдік БАҚ Ресей бейнесін «қылмыс қоғам» және тіптен қылмыс үстем келбетіне айналған «ұрылар мемлекеті» деп қалыптастырды. Ресейде қылмыстың өсуінің ықтималды түсіндірмесінің бірі соңғы он жылдықта кірісті бөлудегі теңсіздіктің теңдессіз өсімінде жасырынуы мүмкін дейді ғалымдар.
Экономистер, әлеуметтанушылар, криминалисттер және денсаулық сақтау саласындағы мамандар ұсынған экономикалық дәулеттілікті бөлу мен қылмыстың таралуы арасындағы байланысты түсіндіретін бірнеше теория бар.
Г. Беккер ұсынған қылмыстың экономикалық моделі, шешім қабылдауда стандартты модель болып келеді, онда жеке тұлғалар осы қызметтен күтілетін пайда негізінде заңсыз және заңды қызмет арасында таңдау жасайды. Жеке тұлға шешіміне әсер ететін көрсеткіштер арасында қылмыс іспен айналысу - заңды қызметтен алынатын кіріспен салыстырғанда қылмыс жолдан күтілетін пайда, ұсталған және сотталған болу мүмкіндігі (қатері), жазалау қатаңдығының деңгейі және заң қызметінің мүмкіндіктері.
Белгілі бір шарттарда осындай түрдегі экономикалық модель қылмыс пен теңсіздік арасындағы қарым-қатынасты түсіндіре алады. Мысалға, заңсыз қызметтен күтілетін қайтарым қоғамдағы үй шаруасындағы әйелдің орта кірісіне байланысты деп болжамдайық. Бұл жағдайда ықтималды қылмыскерлер үшін қылмыстан алынатын қайтарым кірісті бөлуде төменгі сатыдағы деңгейде болатын кірістерге тең келеді. Сонда қылмыстан алынатын салыстырмалы пайда қоғамдағы орта кіріс пен салыстырмалы түрде кедейлер кірістері арасындағы айырмашылықпен анықталады. Бұл дегеніміз, қылмыстың күтілетін деңгейі аса жоғары теңсіздігі бар қоғамда жоғары болады. Г.Беккер моделі теңсіздік өздігінен қылмыс жасауға мүмкіндік береді дегенді тұспалдамайды: теңсіздік қылмыс істер жасау пиғылын туындатуға мүмкіндік береді. Г.Беккер, И.Эрлих, В.Чиу және П.Мадден және Ф.Буржинон айтқандарына жүгіне отырып, қылмыс іс жасаудағы экономикалық пиғыл қоғамда көп теңсіздігі бар салаларда көбірек болады деп жорамалдайды.
Әлеуметтік мобильділік теориясына тығыз қарым-қатынаста болатын келесі теориясы ол қоғамдық ұйымдаспағандық пен қылмыс арасындағы байланыс теориясы. Р.Мертон «мәдени құндылықтар жүйесі ерекше мән-мағына бергенде іс жүзінде ең алдымен қалың бұқара топтарына сәттіліктің белгілі бір жалпы жұрт таныған символдарын қояды, бұл кезде қоғамдық құрылымдық халықтың белгілі бір бөлігіне осы символдарды алуға қабылданған әдістерге кіруді шектейді немесе толықтай шеттетеді, сол уақытта қоғамдыққа қарсы мінез-құлықайтарлықтай көлемде байқалады» деп болжамын айтты. Сол себепті, экономикалық молшылыққа көп төлеммен құрамдастырылған қоғамда өрлеме мобильділік жетіспеуі заңсыздыққа, стандарттар мен құндылықтардың қирауына әкеледі.

Теңсіздік пен қылмыс байланысының эмпирикалық растауы

Негізінен әр түрлі елдерде немесе АҚШ штаттарында және қалаларында салыстыра отырып негізделген теңсіздік пен қылмыс байланысының эмпирикалық растауы теңсіздік пен қылмыс арасындағы оң корреляцияның болуын айғақтайды. Біріктірме деректердің 34 зерттеуінің мета-талдауы кедейлікпен немесе теңсіздікпен зорлық қылмыс корреляциясының 97% жұптық коэффициенті оң екендігін көрсетті. Бұл жағдайда 80% коэффициент 0,25 асырды. И. Эрлих зорлық қылмыспен салыстырғанда меншікке қарсы қылмыс үшін аса жоғары икемділігімен салыстырмалы кедейлік пен қылмыс арасында оң байланыс тапты. Бұл жағдайда И. Эрлихтің нәтижелеріне сәйкес штаттағы медиана кірісі меншікке қарсы қылмыспен де оңтайлы байланысқан. К.Морган алған нәтижелер меншікке қарсы қылмысты емес, Америка шаттарында кіріс теңсіздігі мен зорлық қылмыс арасында берік байланыс бар екенін айғақтайды. Д.Ледерман және т.б. нәтижелеріне сәйкес, кіріс теңсіздігінің өсуі және экономикалық өсудің төмен қарқындары түрлі елдерде зорлық қылмыс санының ұлғаюына әкеледі.
Кіріс теңсіздігі мен қылмыс арасындағы байланыс бұрынғы Кеңес Одағының республикаларын қоса алғанда, өтпелі экономикалы елді мысалға келтіріп қарастырылған. Зерттеудің уақытша кезеңі 1989-2000 ж.ж. қамтиды. Қылмыстың ел аралық зерттеулері деректерге қатысты күрделі проблемаларға соқтығысады. Қылмыстың ресми деректері түрлі елдерде салыстыруға келмеуі мүмкін, бұл әрбір ел мәліметтерді жасырудың жеке меншік деңгейінен зардап шегімен және қылмысты әр түрлі әдістермен анықтаумен себепші болған. Мәліметтерді жасыру әсіресе құқық қорғау жүйесі және әділеттілік жүйесі айтарлықтай сенімсіз елдерде ерекше айқындалған. Сондай-ақ, адам өлтіру оқиғасы өзге зорлық қылмыс оқиғасымен елеулі түрде арақатынас орнататыны жақсы расталды.

Спанқұлова Ләззат Сейтқазықызы
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы және технология мектебі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста