Әлемнің «әл-ауқат» көрсеткішіндегі - кедейлік пен байлық қатынасының картасы

«Әл-ауқат» адамның лайықты өмір сүруі үшін қажетті материалдық, физикалық, психологиялық факторларды жинақтаған түсінік.
Әрине материалдық «әл-ауқат» жақсы өмірдің кепілі емес, әйтсе де ол өмірге қажетті негізгі шарттардың бірі болып қала бермек. Gallup Organization әлемнің бірқатар елдерінде «өмір баспалдағы» деп аталатын сауалнама жүргізген болатын. Қорытындысы суретте көрсетілген, 0- «әл-ауқат» көрсеткішінің ең төменгі, 10 ең жоғарғы ұпайы болып есептеледі.


Суреттегі мәліметтер бойынша Қытай, Үндістан және т.б. бірқатар елдер кедейлікпен күресіп жатса, Дания, АҚШ сияқты елдердің тұрақты экономика қалыптастырғаны белгілі.
Адамзат тарихындағы ең ұлы талпыныс ол-кедейлік пен өлімнен қашу. Бала кезінде өлімнен қашып үлгерген адамдарды өмір бойы кедейлік қуалап жүрген. Білім және өндірістің дамуы адамдардың өмірін жақсартуда және бұл үрдіс жалғасуда.
Ұлы талпыныс бай, ауқатты, денсаулығы жақсы адамдардың өміріне көп өзгеріс әкелді. Бірақ әлемнің жартысы бұл ұлы талпынысқа қатыса алмады. Әлем бойынша өмір сүру деңгейі қазіргі таңда жақсарған, бірақ ұлы талпыныс әлі жалғасуда. Әлемдегі тек бір миллиард адамға өмір сүру деңгейі, білім және т.б. материалдық игіліктер қол жетімді, қалған миллиардтаған адамдарға қол жетімді емес, әлеуметтік теңсіздік күрт өсіп кетті.
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы және табыс арасындағы байланыс заңдылықтарын анықтайтын тиімді тәсілді 1975 жылы демограф Сэмюель Престон тапқан болатын. Өмір ұзақтығы мен табыс деңгейі арасындағы тікелей байланыс әлемдік әл-ауқатты түсіну үшін қажет дейді.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі әр мемлекеттің орташа табыс деңгейін анықтайды. Бұл өлшем бірлік – 2005 жылы есептелген халықаралық доллар, барлық мемлекетте доллар құнын бірдей ету үшін жасалған, яғни Бразилия және Танзанияда сатып алу құны АҚШ-пен бірдей.
Конгода жан басына шаққандағы табыс деңгейі, АҚШ-тағы көрсеткіштің 0,75% , ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштің үштен екісіндей. АҚШ елі азаматының өмір бойғы табыс деңгейі Конго елінің тұрғынынан 200 есе көп.
Денсаулықты сақтау үшін тамақтану рационын, таза су мен санитарлық шарттарды жақсарту керек. Оған қаражат керек, сол себепті табыс мөлшері маңызды рөль атқарады.
Дамыған мемлекеттерде табыс пен күтілетін өмір сүру ұзақтығы арасындағы байланыс мүлдем жоқ деп кейде пайымдайды. Ал өте бай мемлекеттерде бұл қатынастардың жоқтығы айқын болып отыр. Бірақ көп мемлекеттерге тән пропорционалды түрде табыс мөлшерінің көбеюі, өмірге қанағаттану деңгейінің, өмір сүру ұзақтығының артуымен байланысты.
Ресейде коммунистік режимнің құлауынан кейін күтілетін өмір сүру ұзақтығы күрт түсіп кетті, өтпелі кезеңдегі хаос оның бірден-бір себепкері болды. Ресейде және Совет Одағы құрамына кірген мемлекеттердегі денсаулық пен өмір сүру ұзақтығы деңгейі төмен болған.
АҚШ-та басқа мемлекеттермен салыстырғанда, медициналық қызмет көрсетуге ұлттық табыстың көп бөлігі жұмсалады. Коста-Рика мен Чилидегі өмір сүру ұзақтығы АҚШ-тан кем түспейді, алайда жан басына шаққанда табыс төрттен бір бөлігін ғана құрайды, ал денсаулық сақтауға кеткен шығын – 12% шамасына тең. Непал, Бангладеш, Вьетнам, Қытай, Коста-Рика, Чили және Жапония елдерінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы жоғары.

Ләззат Сейтқазықызы СПАНҚҰЛОВА,
экономика ғылымдарының докторы, профессор
Нархоз Университеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста