Әлемдегі «бақыт» көрсеткіші неге байланысты?

Адамдардың әл-ауқат деңгейін көтеруге және бақытты болуға талпынуы заңды құбылыс. Өмір сапасын және эмоциялық әл-ауқатты бағалау “бақыт” көрсеткіші деп аталады. Gallup Organization өткізген жаhандық сауалнама барысында респонденттердің 19% ашулы, 30% күйзелісте, 30% мазасыз, ал 21% ауру сезімдері болатынын айтты. Филиппиндіктердің төрттен үші, Гонконг, Ливан, Сирия, АҚШ елдерінің тұрғындарының 44% күйзелісте болатындығын хабарлады.
Төмендегі суретте ұлттық табыс пен өзін бақытты сезініп жүрген адамдар санының қатынасы бейнеленген жаһандық “бақыт” картасы көрсетілген.

Картадан Буркина Фасо, Бурунди, Мадагаскар сияқты кедей елдерде бақытты адамдар санының аз екендігін көріп отырмыз. Сонымен қатар өмір сүру деңгейі жоғары болып есептелінетін Данияда бақытты адамдар санының аздығы күтпеген жағдай. Зерттеу нәтижесінде ұлттық табыстың адамның жеке бақытын сезінуіне қатысы жоқтығы байқалған.
“Бақыт” пен табыс арасындағы байланыс АҚШ-та да байқалмады. АҚШ-та жылына 70 мың долларға дейінгі деңгейдегі табыс “бақыт” көрсеткішіне ешқандай әсер етпейді екен.
“Бақыт” картасынан көріп тұрғандай, АҚШ-та бақытты болу тұрғындардың міндетіне айналған, Ирландия мен Жаңа Зеландиядан кейін үшінші орын алады. Ресей және оның бұрынғы серіктері әлем бойынша ең бақытсыз елдерге жатады.
Адам Смит «Табиғатты зерттеу және халықтың баю себебі» еңбегінде адамдардың бай болуға талпынуы қоғамға жақсылық алып келетінін айтады. А. Смиттің «көрінбейтін қол» метафорасы капитализмді сипаттайды, «Адамгершілік сезімдері теориясында» байлық қаншалықты бақыт сыйласа, соншалықты иллюзия сыйлайды дейді.
Өткен ғасырларда инфекциялық аурулар кедейге де, байға да бірдей қауіп тудырған. Ағылшын аристократтарының өмір сүру ұзақтығының қарапайым адамдардан айырмашылығы жоқ еді.
Әлем соңғы 250 жыл ішінде өзгерді, өмірге қажетті заттар бүкіл әлемде бірдей таралған. Соңғы 60 жыл ішінде әлем толық байыды. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде табыс өсті және тұрғындардың денсаулығы жақсарды. Қытай мен Үндістандағы экономикалық даму миллиондаған адамдардың кедейліктен шығуына ерекше әсер етті.
Қазіргі заманда кедей адамдардың эмоциялық өмірі бай адамдардың өмірінен еш айырмашылығы жоқ, дегенмен кедей адамдар өздерін ылғи қанағатсыз сезінеді. Байлық адамды дабыл, үрей, өкініш сияқты сезімдерден қорғай алмайды. Сонымен зерттеу нәтижелеріне қарағанда әлемдегі “бақыт” көрсеткіші эмоциялық әл-ауқат және табыстың белгілі бір деңгейіне байланысты екен. Табыстың көптігі өмір сапасының жақсаруының, ал эмоциялық әл-ауқат оны бағалаудың сенімді критерий.

Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова
экономика ғылымдарының докторы, профессор
Нархоз Университеті, Қаржы және технологиялар мектебі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста