Агроөнеркәсіп қалай дамып келеді?

Бүгінгі таңда елімізде аг­ро­өнер­кәсіп кешенін дамытуға қам­­қорлық көрсетіліп ке­леді. Бұл бағытта көптеген бағ­дарлама қабылданып, қажетті іс-шаралар жүзеге асырылуда. Со­ның нәтижесінде ауыл өмірінде айтарлықтай игілікті іс­­тер атқарылды. Елдегі аға­йын еңсе жазып, өз тірлігін жүр­гізуге мүмкіндік алды. Осын­дай көрікті істер Сыр өңі­рінде де көрініс берді. Со­ның нәтижесінде егін мен мал шаруашылығы саласында ең­бек ететін жұртшылық бүгінгі заман талабына сай тірлігін жүр­гізе бастады. Сол жұмыстар біз­дің өңірдегі агроөнеркәсіп са­ласының тыныс-тіршілігінен ай­қын аңғарылады.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қол­дау­дың нәтижесінде жыл сайын ауыл шар­­уашылығы өнімінің өндіріс көлемі ар­та түскен. Былтыр  саланы қолдауға 3,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл өткен жыл­мен салыстырғанда, 15 пайызға артық. Бұл қолдау ауыл шаруашылығы өнімдері жал­­пы көлемінің 2,5 пайызға көбеюіне жол ашты. Үстіміздегі жылы ауыл шар­уа­шы­лығын дамыту мақсатында рес­пу­бли­калық және жергілікті бюджеттен 5 млрд 266 млн теңге қаралған. Сонымен қатар ауыл шаруашылық тауар өндірушілері бар­­лығы 765,2 млн теңге несие қа­ра­жа­тын игерді. Оның ішінде «Ауыл­ шар­уа­шы­лы­­ғын қаржылай қолдау қоры» ак­цио­нер­лік қоғамы арқылы – 207,4, «Аг­­­рар­лық несие корпорациясы» ак­цио­нер­­­лік қоғамы арқылы 557,8 млн теңге бе­­­рілген.
Жаңа бағдарламадан үміт күтеді
Атап кетерлігі, биыл еліміздегі агро­өнер­кәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Аг­ро­биз­нес-2020» бағдарламасы қа­был­данды. Ауыл шаруашылығын дамытуға ба­ғытталған жаңа бағдарламаның бұ­рынғыларынан біршама айырмашылығы бар. Атап айтқанда, онда агроөнеркәсіп ны­сандарының бәсекеге қабілеттілігін арт­тыру үшін жағдай жасауға басымдық бе­рілген. Осыған байланысты облыста аг­ро­өнеркәсіп кешенін мемлекеттік қол­дау шаралары және дамыту перс­пек­ти­васы ба­ғытында игілікті істер қолға алынып отыр. Соның көрінісі ретінде облыс әкі­мінің қолдауымен биыл күріш кластерін құ­ру жұмыстары басталды. Осыған сәй­кес, күріш консорциумын ұйымдастыру мә­селесі қолға алынып, жұмыс тобы құ­ры­лып, іс-шара жоспары әзірленді. Бұл ба­ғытта тиісті жұмыстар жалғасын тауып ке­леді. Сонымен бірге күріш кластерін қа­лыптастыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ жанынан «Агро Холдинг «Бай­қо­ңыр» ЖШС құрылды. Серіктестік өз ке­зе­гінде материалдық-техникалық қа­жет­ті­ліктермен қамтамасыз етеді, шар­уа­шылықтардың көктемгі егінін дер мер­зімінде егіп, өнімін уақытылы жинап алу­ды ұйымдастырады. Облыстағы күріш өні­мінің сапасын арттыру бағытында ғы­лыми-зерттеу институттарымен бірлесе оты­рып бәсекеге қабілетті сорттарды өн­діріске енгізу мәселесі де қолға алынбақ. Сон­дай-ақ күрішті қабылдау және өт­кі­зудің логистикасын талапқа сай жүргізу ша­ралары жасалады. Үстіміздегі жылдың нау­рыз айында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ, «Қа­зақ балық шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-мен бірлесе отырып, Арал, Қазалы аудан­да­рынан 17 балық аулау, өңдеумен ай­на­лы­сатын шаруашылық бірігіп консорциум құрды.
Дала төсін дүбірге бөлеген
Мұндай игілікті істер егін шаруа­шы­лығы саласында да байқалуда. Облыс ди­қан­дары биыл 159,9 мың гектарға егiс ек­ті. Оның ішінде дәндi дақылдар – 79,8 мың, мал азығындық дақылдар – 55,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша – 22,6 мың, май­лы және техникалық дақылдар 1,9 мың гектарды құрайды. Өткен жылмен са­лыс­тырғанда, күріш көлемі 1,4 мың гек­тар­ға азайтылды. Есесіне, мал азығындық да­қылдар егісі бұрынғыдан 5,0 мың гектарға ұлғайды.
Биылғы егіске облыс ауыл шаруа­шы­лығы тауар өндірушілері өткен жылдың күз айларынан дайындалып, 2,9 мың гектар күздік бидай егіліп, 47,8 мың гек­тар сүдігер көтерілді. Күріш егісіне қажетті тұ­қым көлемі толығымен қамтамасыз етілді. Минералдық тыңайтқышқа деген сұраныс облыс бойынша 50,5 мың тонна, оның ішінде азотты тыңайтқыш 40,9 мың тонна, фосфорлы 9,6 мың тоннаны құрайды. Олардың біршама бөлігі жет­кізілсе, күріш егісін үстеп қоректендіруге қажетті минералдық тыңайтқыш сатып алу жұмыстары жалғасуда.
Көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолындағы 1812 трактор, 250 тұқым сепкіш, 494 соқа, 932 трактор тіркемесі және 418 автомашина қатыстырылды. Биыл наурыз - мамыр айларына бөлінген 14 мың тонна дизель отыны операторлар арқылы облысқа толық жеткізді. Бүгінгі күнге облыс бойынша 18,4 мың гектар, 1361 гектар жаздық бидай, 130 гектар арпа, 1657 гектар мақсары, 40 гектар соя, 1000 гектар жүгері сүрлемі, 100 гектар сорго, 100 гектар мал азығындық асқабақ, 208 гектар күнбағыс, 702 гектар дәндік жүгері және 716 гектар тары егілді. Сонымен қатар, 7794 гектар картоп, 6357,5 гектар көкөніс және 8470,5 га бақша дақылдары егілді. Облыс бойынша 6 маусымға облыста 74,0 мың гектар күріш егілді. Қазіргі уақытта жоңышқа дақылының бірінші орымы басталуда.
«Сыбаға» сыбағасыз қалдырмайды
Агоөнеркәсіп саласының бірі – мал шар­уашылығын дамытуда облыс кө­лемінде біршама келелі істер атқарылуда. Осы жылдың 1 мамырына дейінгі мәлімет бойынша, барлық құрылымдар бойынша 260,2 мың мүйізді ірі қара, 803,9 мың қой мен ешкі, 81,5 мың жылқы, 36,3 мың тү­йе, 3,7 мың шошқа, 118,5 мың құс бар. Өт­­кен жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда, мүйізді ірі қара басының саны – 0,4, жылқы – 6,9, түйе 3,2 пайызға кө­бейген. Асылтұқымды мал басын кө­бейту ар­қылы мал өнімдерінің сапасын арт­ты­руға басым бағыт беріліп отыр. Бүгінгі күні облыста асылтұқымды мал өсірумен 63 шар­уашылық айналысады. Оларда асыл­тұқымды 3,7 мың сиыр, 54,3 мың қой, 3,6 мың жыл­қы және 2,9 мың бас түйе ма­лы өсірілуде. Об­лыста «Сыбаға» бағ­дар­ла­масын іске асыруда ілкімді іс­тер жү­зеге асырылуда. Биыл облыста «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жо­басы» («Сыбаға» бағдарламасы) ая­сында фермерлік шаруашылықтар ұйым­дастыруға мән бе­рілуде. Осы мақсатта 2400 мүйізді ірі қара малының аналығын, 1000 басқа ар­нал­ған мал бордақылау алаң­дарын және ре­про­дук­тор-шар­уашылық ұйым­дастыру жоспарланған. Осы жылдың 1 маусымына облыс бо­йынша «ҚазАгро­» АҚ-на 48 шар­уа­шы­лық ана­лық сиыр мен асылтұ­қымды бұқа алу үшін бар­лығы несие алуға өтінімдер бер­ген болатын. Оның ішін­де бүгінгі күнге 28 шар­уа­шылық 191,9 млн теңге несие алды.
Мүйізді ірі қара малын асылдандыру мақ­сатында Жаңақорған ауданындағы «Ба­қытжан» шаруа қо­жа­лы­ғы өз қаржысы есебінен 100 бас ет бағытындағы асылтұқымды ақбас сиыры мен 20 бас бұ­қа­сын сатып алды. Сондай-ақ Сырдария ауданының Аманкелді ауылдық округінде «Көктөбе» шаруа қожалығы биыл «Қаз­Аг­роөнім» АҚ-на еншілес KazMeat ЖШС-нен ет бағытындағы мал шар­уа­шылығын ұйымдастыру мақсатында 37 млн теңге несие алды. Жемшөп қорын жа­сақтау мақсатында биыл облыс бойынша мал азығындық дақылдарды 55,4 мың гектарға егу межеленуде.
Ауыл шаруашылығы өнімдері өн­дірісінің көлемін арттыруда облыста бір­неше инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Биылғы қаңтар айында Шиелі кентінде құны 22 млн теңгені құрайтын мал сою пункті іске қосылды. Сонымен қатар жал­пы құны 704 млн теңгеге жуықтайтын төрт жоба жыл соңына дейін іске қосылады деп күтілуде. Оның қатарында Жа­ла­ға­ш­та­ғы ауысымдық қуаттылығы 100 тон­налық күріш ақтайтын зауыты, Шиелідегі 3 тонналық сүт өңдеу цехы және Қы­зыл­ор­да қаласындағы жылыжай құрылысы бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста