ҚР Энергетика министрлігі 2023 жылғы 6 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:
Астанада – 27 052 теңге;
Алматыда – 25 103 теңге;
Шымкентте – 26 197 теңге.
Бұл ретте бағаны 2028 жылғы 1 шілдеге дейін кезең-кезеңімен көтеру қарастырылған.
2027 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:
Астанада – 36 135 теңге;
Алматыда – 42 759 теңге;
Шымкентте – 41 158 теңге.
Басқа өңірлердегі бағаларды мына жерден көруге болады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілген.
Бұйрық 2023 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.