«Жұлдызды әуендер» – жаңа музыкалық жоба

«Жұлдызды әуендер» – жаңа музыкалық жоба

«СТВ» телеарнасының тағы бір музыкалық жобасы дүниеге келді. «Жұлдызды әуендер» деп аталатын концерт қазанның 23-і күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді.
Эстрадалық әуендер концерті қазақ әнші­лерінің шығармашылығын насихаттауды көз­дейді. Кешке Бағдат Сәмединова, Гүлбар­шын Тергеубекова, Өмірқұл Айниязов, Ақбо­та Керімбекова, Ұлту Қабаева, Нұрлан Әлім­жан, Гүлхан Сіргебаева, Дәулет Болатбаев, Әділ мен Дана, Әли Оқапов, Бейбітгүл Нұрым­хожина және басқа да әншілер мен «Серілер», «Достар», «Денар», «Сарын» топтары қатысады. Ар­найы қонақ – Қырғыз Республикасының этно-эстрада әншісі, The Spirit of Tengri фестивалінің қатысушысы Гүлзада. Концерт сағат 16.00-де және 19.00-де болады. «СТВ» телеарнасының алғашқы төл музыка­лық жобасы дыбыс пен жарық және сахна­ның безендірілуі жағынан өте сапалы кон­церт болмақ. Кеш жүргізуші Нұрлан Әлім­­жанның айтуынша, орындау шеберлігі жө­нінен әншілерге де жауапкер­шілік күшей­тіл­ген. Жобаның ақпараттық демеу­шілері:  «Алаш айнасы» газеті, Ten­gri­news.kz порта­лы, Massaget.kz ойын-сауық пор­талы, Tengri FM радиосы. Билеттер Рес­пуб­лика сарайы, Сту­денттер сарайы, «ЦУМ» орталығы касса­ла­рында және «Ме­ло­ман» сауда желісі дү­кен­дерінде сатылады, сондай-ақ kassir.kz сайтынан да алуға болады.
Бағдат СӘМЕДИНОВА, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
– Елімізде қазақ әншілерін қолдайтын және олардың өнерін кең насихаттайтын телеарналар аса көп емес. Солардың бірі – «СТВ». Бұл арна сахнаның сәніне айналған өнер тарландарымен қатар, өнерге жаңа қадам басып жатқан жас орындаушылардың басын қосып, «Жұлдызды әуендер» атты кешін ұйымдастырып отыр. Кеш көпшіліктің көңілінен шығады деген ойдамын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста