Зергерлік өнердің халықаралық көрмесі өтеді

expocom.ru

Астанада зергерлік бұйымдардың «Ару Астана – 2013» халықаралық көрмесі өтеді. Көрмеге Ресей, Украина, Қырғызстан және Түркия елдерінен мамандар мен сатып алушылар келгелі отыр.
Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, халықаралық көрме «Көрме» орталығында қарашаның 7-10-ы аралығында қойылады. Мұнда алтыннан, күмістен жасалған, бағалы және жартылай бағалы тастармен әшекейленген бұйымдар, бижутерия, кәдесый­лар, зергердің қолынан шыққан асхана ыдыс­тары, фурнитура, аксессуарлар, қобдишалар, зергерлік бұйымдарды экспозициялауға және сатуға, сақтауға арналған қондырғылар мен қораптарды тамашалауға болады. «Ару Астана» көрмесіне жыл сайын 12 мыңнан астам адам, соның ішінде Қазақстанның түрлі аймақтарынан, сондай-ақ ТМД елдерінен көтерме сатып алу­шы­лар мен зергерлік өнер саласының маман­дары келеді. Бұл күндері көрме орталығында  Beauty World жәрмеңкесі де қатар өтеді, бұл – бейнелі ойын-сауық шарасы, іскерлік кездесу­лер орны, сұлулық пен сән индустриясы маман­дарының кәсіби тәжірибе алмасуы, қарапайым сатушылармен, сән мен сұлулыққа, стильге мүд­делі адамдармен кездесу алаңы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста