Жаңажылдық бата

Жаңажылдық бата

Жылқы жылы мейірлі болсын,
Анамыздай пейілді болсын.
Еліміз берекелі болсын,
Әр күні мерекелі болсын.
Жеріміз жемісті болсын,
Келбетіміз келісті болсын.
Шекарамыз берік болсын,
Сәттілік қана серік болсын.
Жүзіміз ашық болсын,
Көрген жан ғашық болсын.
Ұлдарымыз намысты болсын,
Қырандай алысты көрсін.
Қыздарымыз ибалы болсын,
Ғылым-білім жиғаны болсын.
Ата-салтымыз сақтаулы болсын,
Намысымыз оқтаулы болсын.
Ақындарымыз арынды болсын,
Жырлары жалынды болсын.
Жазушыларымыз қарымды болсын,
Барлығы дарынды болсын.
Спортшыларымыз білекті болсын,
Арыстандай жүректі болсын.
Соттарымыз әділ болсын,
Үкімдері кәміл болсын.
Әкімдеріміз сенімді болсын,
Істері өнімді болсын.
Қазақта ауызбірлік болсын,
Берекелі тірлік болсын.
Елбасымыз аман болсын,
Тыныш заман болсын!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста