Жалаңаяқ, жалаңбұт күйеу бала...

Кеше кешкілік Қаратаудың арғы жағында тұратын құдағиынан үшбу хат алғалы Орынбай отағасының ашуы қара қазандай қайнап жүр. Таңертеңгі шай үстінде де байыз таба алмай, баласына бар ашуын төгіп отыр.

– Нағашысына тартқан кертартпа, қабан мінез қырсық иттің баласы, осы маңдағы қыздың бәрі қырылып қалғандай ит арқасы қияндағы сарттың салтын ұстайтын, қызын базардағы сиырдай саудалайтын ауылдың күйеу баласы болдың. Бар малымды шығындап, өністетте бес жыл оқытқанымда әперген ұшпағың осы ма? Оқыған, мәдениетті келін алдым деп мәз болып жүрсем, келін емес келсап алыппын ғой. Анада аузы көпірген кісәпір құдағи келіп, той жасамадың, қалыңмал төлемедің деп қызын жетелеп алып кеткенде жерге кірдім, елге масқара болдым. Онысымен қоймай аузы-мұрнымызды толтырып кетті ғой. Сенің есалаң енең. Мұндай сұмдықты кім көрген, бұл жалғанда. Азғантай зейнетақымен қалай той жасап, қалыңмал берем. Кейінірек... деуім сол еді аузыма ышш еткізді. Мына мыстан кемпір сияқты қара қатын мен сүтті қара сиырдан басқа адал мал бар ма осы үйде?

– Міне құдағидың хаты. Қандай оңбаған адам. «Келінің ұл тапты, немерелі болдың (сүйінші сұрамаймын бәрібір сен бермейсің). «Өзім жылап ішіп, шыңғырып тышып отырғанда» басы артық екі адамды асырай алмаймын. Саған, күйеу балаға ерегіскенде ұзатып жіберейін десем, бұл жақта бай іздеген бойдақ қыздар биттей бықып жүр. Баласы бар қатынды ешкім алмайды.

Қысқасы, бір аптада келіп келінің мен немереңді алып кет. Егер әкетпесең немереңді Арыстың суына ағызып жіберемін.

Қалыңмалыңның аузының ішіне... тез алып кет» – деп жазыпты. «Аузының ішіне» дегеніне қарағанда ештеңе сұрамайтын шығар. Таң атпай барып көршіден жолыңа жететін қарыз алдым. Тездетіп пойызға отыр да, қайныңа барып келін мен баланы алып кел. Егер келін «бармаймын, төркінімде қаламын» десе қыстама, қала берсін. Қатынсыз қаламын деп қорықпа, келісімен Қыстаубайдың қызын алып беремін.

Сөз осымен бітті, Боран жолға шықты. Батысқа қарай заулаған жүрдек пойыз жас жігітті келіншегіне, тұңғыш баласына жақындатып келеді. Қатал әкенің қату қабағынан құтылған Боран бір шалмен «орыс арағын» алып, дым қалдырмай ішіп қойды. Баламды жуғаным деді іштей ақталып.

Боран бір шөлмекке де мас болып қалатын. Мас болса жан-жағындағыларға тиісіп, боқтай бастайтын мінезін білетіндіктен тез төсегіне жатып қалды. Арақ уыты бойына тарамай тұрғанда ұйықтап қалайын деген айласы. Қатты ұйықтап кеткен екен, жолсеріктің:

– Тұр, тұр сенің стансаңа келіп қалдық, – деген дауысы оятты. Көзін тырнап ашып, киінуге қам қылды. Мына масқараны қара, шолақ тоны, аяқ киімі, шалбары жоқ. Олар еш жерден табылмады. Ұры әкеткені мәлім болды.

– Біз жоғалған киімге жауап бермейміз, – деді жолсерік өзіне аңырайып қарап тұрған Боранға. – Стансыға түскен соң полицияға бар, солар жоғалған заттарды дереу тауып береді. Ұрылар ұзаған жоқ. Оның жалаңаш қалған жолаушыдан құтылғысы келіп тұрғаны анық еді.

– Менде мына тәпішкеден басқа басы артық киім жоқ. Кеше бір әйел ұмытып кетіпті, үстіңе мына шәліні жамыл. Пойыз стансыда бір-ақ минут тұрады, тез түс. Онда полиция...

Амалы құрыған Боран шәліні жамылып, тәпішкесін сүйретіп пойыздан түсті. Қаңтардың аязы құтырып тұр екен. Жүгіре басып стансы ішіне кірді. От жағылмаған күту залы сырттан да суық екен. Денесі жын буған адамдай қалшылдап қоя берді. Залда тірі пенде көрінбеді. Тек ана бұрышта бүк түсіп біреу жатыр. Жақындап келіп қараса киімі алба-жұлба қаңғыбас болып шықты. Өзі ештеңені сезбейді. Сандырақтап әлдекімді ызалана боқтап қояды. Боран келіншегінің үйін студент кезінде бір рет көрген, стансадан онша қашық емес. Бірақ мына сақырлаған сары аязда жалаңаяқ, жалаңбұт қалпымен қалай жетеді. Оның үстіне айнала жарық. Көрген адамдардан ұят-ау. Ол қаңғыбасқа тағы бір қарап өтті. Аяғында бауы жоқ, тілі салақтаған бәтеңкесі бар. Бұтында көне шалбар, үстінде сағал-сағал жыртық куртка. Амал жоқ қаңғыбасқа жиендік қылуға тура келеді. Бір бәтеңкесін шешіп алғаны сол еді қаңғыбас:

– Ойбай, аттан тонап жатыр, полиция, полиция, – деп қарлыққан дауыспен барқырап қоя берді. Өмірінде адам тонап көрмеген Боранның мына айғайдан зәресі қалмады. «Полиция» деген сөзден жаман шошынып тұра қашты. Сол бетімен өзі бұрын бір рет жүріп өткен жолға түсті. Бұл ауылдың адамдары иттерін байламайды екен. Көшемен безіп келе жатқан түсі жат адамға арсылдап, үріп, шәуілдеп қосылып кеп берді. Көше лезде азан-қазан болды. Малын жайғауға шыққан адамдар мына көрініске таң-тамаша қалып тұр. Ауылдың барлық итін соңынан ерткен жалаңаш... адам ба, аруақ па, елес пе...Көбінің үрейі ұшып кеткен. Есегін ерттеп жатқан жалғыз шал ғана: – Мен де жас кезімде тап осылай қашып едім. Бірақ онда жаз болатын, – деді жалаңашқа сүйсіне қарап.

Боран жалаңаяғымен қалың қарды бұрқыратып, иттерді шұбыртып келіншегінің таныс ауласына келіп кірді. Енесі құман алып, сыртқа шығып келеді екен. Жүгіріп келе жатқан жалаңаш адамды көріп:

– Көтек, – деп шалқасынан түсті.

Анталаған иттер жақындап қалған еді. Қатты сасқан боран енесінің үстінен секіріп өтіп, үйге қойып кетті. Есі шыға қорыққаны сонша, дәлізде тұрған атасын қағып құлатып кеткенін де сезген жоқ. Қашан қабырғаға басы тарс етіп соғылып құлап түскенше қаша берді...

Әйелінің шошынып шыңғырып жібергенін, жас баланың шырылдап жылаған дауысын еміс-еміс естіді. Соңғы секундта «Басқа үйге кіріп кетпегеніме құдайға шүкір» – деп ойлады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста