Танымал пианист тұңғыш рет дирижерлік етеді

Бүгін Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының жылдық абонементінің кезекті концерті өтеді. Оған әлемге әйгілі пианист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Теміржан Ержанов дирижер ретінде қатысады.

                                                                                                        сms-moscow.ru

Филармония өкілдерінің хабарлауынша, концертте ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы және Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері В.А.Моцарттың «Идоменей – Крит патшасы немесе Илия мен Идамант» операсының үзінділері және компо­зитордың хор, солистер мен оркестрге арналған «Тәж кигізу жорасы» шығармасы орындалады. Кеште көрермен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, атақты сопрано Жәмила Баспақованың, халықаралық байқаулардың лауреаттары – меццо сопрано Ләззат Бірімғазина, тенор Нұржан Бажекенов, бас Тайыр Тәжіғұловтардың дауысын ести алады. Белгілі музыкант Т.Ержанов мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрмен пианист ретінде бұрыннан бірге өнер көрсетіп жүр, ал бұл концертте ол оркестрге тұңғыш рет дирижерлік етеді. Ержанов алматы­лық өнерсүйер қауымға «Прокофьев. Алматы. 1942-1943» музыкалық бағдарламасымен жақсы таныс. Ол сондай-ақ әлем композитор­лары шығармаларының ұлттық премьераларын жасаумен де белгілі болды. Мәселен, ол Джоак­кино Россинидің соңғы шығармаларының бірі – «Кішкентай салтанатты мессаны», Дмит­рий Шостаковичтің ІІ фортепиано концертін Қа­зақстан­да тұңғыш рет орындады. АҚШ пен Ұлыб­ританиядағы қызметі барысында ол әлем­нің үздік музыканттарының қатарына қосылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста