«Сүйінбай сазы» қанатын қақты

Алматы облысының Жамбыл ауданы – рухани құндылықтар жағынан шоқтығы биік өңір. Сүйінбай мен Жамбылды пір тұтатын өлкедегі өнер ұжымдарының қатары тағы біреумен толығып, аудандық мәдениет үйі жанынан «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өмірге келді.
Бір кезде «Құлансаз» ансамблінің тұсауын кесіп, өнерге қанат қақтырған да осы аймақ болатын. «Құлансаз» бүгінде мем­лекеттік коммуналдық қазыналық кәсіп­орын ретінде «Алатау әуендері» концерттік бірлестігінің құрамына еніп, шығармашылық жағынан өсе түскен. Құлансаздық өнерпаздар қазақ халқының әні мен жырын шетелдерде әуелетіп, ұлттық өнерді кеңінен насихаттауда.
Ендігі жерде толыққанды жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалып отырған жаңа ансамбльдің де ғұмыры ұзақ боларына көпшілік сенімді. Аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің қолдауымен өмірге жолдама алған өнер ұжымының құрамында талантты жастар көп. Тәуелсіздікке тарту ретінде тұсаукесерін өткізген «Сүйінбай сазы» бұдан былай Жетісу өлкесінің рухани дамуына өз үлесін қосатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста