Либо я, либо астана

Либо я, либо астана

(Жалғасы. Басы өткен сандарда)
Қорғаныс министрлігі Астанаға алғашқы мемлекеттік мекемелердің қатарында қоныс аударғаны белгілі. Генерал-майор Шацков бастаған жедел топ арқа жеріне алдын ала келіп, әскери ведомствоның ғимаратын дайындау, қызметкерлерді орналастыру мәселесімен айналысты. Әуел баста ел «Встреча» атап кеткен аумақта қазақ Пентагонының іргетасы қаланған еді. Бірақ қаланың бас жоспарының өзгеруіне байланысты кейін ол Есілдің сол жағалауына біржола қоныс тепті. Ал «Встречада» бірнеше жылдан соң тұрғын үйлер салынып, қазір онда әскери қызметкерлер тұрып жатыр.

Әрине, әскерилер бірден баспанаға ие бола қалған жоқ. Бәрі дерлік ұзақ жыл пәтер жалдап, жаман жатақханаларды паналап, әбден әбігерге түсті. «Сыбырлағанды құдай естімейді ме» демекші, талай отбасының шырқы бұзылып, шаңырағы ортасына түсті. Ішінде ішкілікке салынып кеткендері де болды...

Осы жағдайлардың бәрі көз алдымда өтіп жатқандықтан, Астанаға көшу мәселесіне келгенде менің кежегем кейін тарта берді. Сол жылдары Қарулы күштердің идеология саласын генерал-майор М.Нағұманов ағамыз басқарды. Марат Сералыұлы мінезі жұмсақ, сондай сабырлы, адамның жағдайын түсінетін кең кісі болатын. Бүгінде құрметті демалыста. Қазір қарап отырсам, ол жойылып бара жатқан әскери интеллигенцияның соңғы өкілдерінің бірі екен.
Бір күні өзімсініп сөйлейтін әдетімен: «Әй, бала, сен Астанаға көшуді соза бердің ғой», – деді. Ойымда ештеңе жоқ, мен де қалжыңмен жауап бердім:

– Келініңіз «либо я, либо Астана» деп көнбей отыр.

– Иә-ә-ә...

Біраз үзілістен соң: «Астанаға да келерсің, қызмет те табылар, үй де болар, бірақ мен саған келінді қайдан тауып беремін? Әзірше Алматыда бола бер», – деген ағаның мейірімді дауысы әлі күнге құлағымда. Әрине, артынша бәрібір көшіп келуге тура келді ғой. (Әскерилерде бұйрық талқыланбайды, орындалады деген ұғым бар). Содан бері Астананың тұрғынымыз. Жаңа қала, расын айту керек, ғарыштық жылдамдықпен өсіп жатты. «Бір ұйықтап тұрсаң, Астанада бір үй пайда болады» деген әзіл тегін пайда болмаса керек. Талай ғимараттардың көзді ашып-жұмғандай қысқа мерзімде салынғанын да, олардың кейбірінің («Мәскеу» тұрғын үйі, Көлік және коммуникация министрлігінің үйі т.с.с.) отқа оранғанын да, құрылыс жұмыстарының бір мезгілде тоқтап қалғанын да көрдік...

Жақында мынадай бір хабарды оқып, жағамды ұстадым: «Отечественные ученые раскрыли тайну столичного рынка интимных услуг! Открытие почти никого не удивило: рост числа ночных бабочек в Астане напрямую связан с числом трудовых мигрантов, приезжающих строить столицу. По словам специалистов центра по профилактике и борьбе со СПИДом, число работниц коммерческого секса в Астане резко увеличилось 10 лет назад, когда в только что названный столицей город приехали чиновники, в основном мужчины.

Рост числа ночных бабочек в таких условиях ученые объясняют естественным повышением спроса на интимные услуги, так как приехавшие сотрудники государственных органов первые годы жили в Астане по-холостяцки – без семей. Когда столица начала строиться ударными темпами, спрос на услуги проституток возрос еще больше, его поддержали приезжие строители» (КТК телеарнасы, 01.12.2008 жыл).

Ал осы ғалымдар мен мамандар соңғы он жыл ішінде Астана құрылыстарында қанша адамның құрбан болғанын есептеді ме екен?..Әй, қайдам.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста