Режиссер Ақан Сатаевтың «Бауыржан Момышұлы» атты тарихи сериалының ресми трейлері көрсетілді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлап отыр.
Төрт сериялы көркем фильм Александр Бектің «Волоколамское шоссе» кітабының негізінде түсірілген. Бұл жерде көрініс 1941 жылдың шілде айында әскери комиссариатта қызмет етіп жүрген аға лейтенант Бауыржан Момышұлының әскерге сұрануынан басталады. Сол кезде Алматыға аты аңызға айналған генерал-майор Панфилов келеді. Бауыржанмен жақын танысып-біліскен Панфилов өзінің батальондарының бірін оған сеніп тапсырады. Көп ұзамай-ақ дивизия майданға аттанады. Айта кетейік, мұның сценарийін Тимур Жақсылықов жазған. «Көрермендерге қызық болу үшін біз біршама қызықты эпизодтар қостық. Дегенмен фильмді барынша әділетті, шынайы етіп көрсетуге тырысып отырмыз. Бұл ретте Бауыржан Момышұлының немересі бізге көп көмектесті», – дейді режиссер Ақан Сатаев. Телефильмдегі басты рөлді көрермендерге аса таныла қоймаған, бірақ болашағынан үлкен үміт күттіретін, батыр атамызға ұқсайтын Еркебұлан Дайыров есімді актер сомдайды. Оның сүйіктісінің рөлін Әсел Сағатова, генерал Панфиловты Виктор Ашанин, лейтенант Қасенов рөлін Саят Исембаев сомдаған. Түсірілім Талғарда, Қапшағайда, Алматы маңында, сондай-ақ Минскідегі «Беларусьфильм» киностудиясында өтеді. Көрермендер сериалды «Хабар» телеарнасынан 2013 жылдың 17-желтоқсанында көре алады.
«Бауыржан Момышұлы» фильмінің трейлері жарық көрді
Последние статьи автора