Ақындар өлең оқып, ән салады

Ақындар өлең оқып, ән салады

Қазақстан Жазушылар одағы Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекелерінің дүбірі басылмай тұрып, ерекше дәстүрлі поэзия кешін өткізбек.
Бұл жолғы шараның әдеттегіден өзге­ше­лігі –  кеш барысында ақындар өз өлеңдерін оқып қана қоймай, басқа да шығармашылық қырларымен көрінбек. Бұдан бұрынғы кеш­терге негізінен белгілі эстрада жұлдыздары мен дәстүрлі ән өнерінің майталмандары ар­найы шақырылатын. Қазақтың қара өле­ңін төрге оздыратын кешке қатысатын аға буын мен кейінгі буын жас қалам иелерінің ара­сында кәсіби әншілермен таласқа түсе ала­тын таланттары даa жоқ емес. Мысалы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғы­ның иелері – Жарас Сәрсек,  Маралтай Райым­бекұлы, Бақыт Беделхан сынды таны­мал ақындардың қазақтың қара домбы­ра­сымен әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төгетін өнерлерін қарапайым оқырман біле бермес. Көптеген қазақ ақындарының ара­сын­да күйші де, биші де, суретші де, әнші де бар. Ендеше, құрметті оқырман, өздеріңіз шығармашылығын бағалайтын ақындарды жаңа қырынан тануыңызға мүмкіндіктеріңіз бар.
Ақындар өлең оқып, ән салатын ән-жыр кеші Қазақстан Жазушылар одағының Әде­биетшілер үйінде 11 мамыр күні, сағат 16.00-де басталады. Осы кеште өнерін орта­ға салсам дейтін жас ақындар болса, алдын ала Жазушылар одағына хабарласуларына бо­лады.
Өлеңсүйер қауымға есік ашық.
Ұйымдастыру алқасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста