«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, мимфологиялық түсінігі мен ырым-тыйымдарының бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.
Ырым-тыйымдардың дұрыс айтылуы:
– Ақты төкпе.
– Адамды айналма.
– Адамға қарап түкірме, есінеме.
– Жалғыз ағашты кеспе.
– Пышақтың жүзін жалама.
– Пышақты шалқасынан қойма.
– Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама.
– Қызды ұрма.
– Кісіге, молаға қарап саусағыңды шошайтпа.
– Кісі айыбын бетіне баспа.
– Адамға, малға зәбір жасама.
– Ата-анаңа қарсы келме.
– Түнде суға барма.
– Бетіңді сызба.
– Нанды бір қолыңмен үзбе.
– Асты үрлеме, асты жамандама.
– Тамақты сораптап ішпе.
– Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.
– Өтірік күлме, өтірік сөйлеме, өтірік жылама.
– Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа.
– Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін.
– Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.
– Құдайға, Пайғамбарға, әулиеге тіліңді тигізбе.
– Қабірді баспа.
– Аманатқа қиянат жасама.
– Ант ішпе, әбес сөйлеме.
– Өтірік куәлік жасама.
– Намазды бұзба.
– Құстың ұясын бұзба.
– Құмырсқаның илеуін баспа.
– Ұрлық қылма, зорлық қылма.
– Тіліңді шайнама, тістеме, шығарма.
– Саусағыңды аузыңа салма.
– Кісі үйінде түрегеп тұрма.
– Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.
– Аяғыңды тұсама, қолыңды байлама.
– Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.
– Желге қарсы түкірме, желге қарсы дәрет сындырма.
Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!
Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062