Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық өнерінің бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.

БӘЙБІШЕ – түркі тектес халық­тардың тұрмыс-салтында, отбасылық дәстүрінде қалыптасқан жұбай мәрте­бесі. Бәйбіше – ер-азаматтың бірінші әйелі, отбасында отағасынан кейін билік жүргізу құқығына ие. Бай, бише деген екі сөздің бірігуінен шыққан (бай – күйеу, отбасының ба­сы, үлкені; бише – оның жұбайы, жан күйер ақыл­шысы, үй шаруасының әміршісі). Қазақтың дәстүрлі құқық­тық ережесі бойынша, жігіттің алғаш құда түскен қалыңдығын босаға аттатпай тұрып, басқа қызға құда түсу­ге немесе үйле­нуге қатаң тыйым салынады. Бұл тәртіпті бұзған адам түйе бастатқан бір тоғыз айыбын тө­лей­ді және кейін түскеніне қарамас­тан, бірінші қалың­дығын бәйбіше деп жариялауға мін­деттенеді. Сондай-ақ егде тартқан, ел анасы болған ақыл­шы, беделді әйел­дерді де құрметпен бәйбіше деп ата­ған.
ТОҚАЛ сөзінің мағынасы – түсін­дірме сөздікте қатын үстіне алған әйел. «Нұртаза әлгі әзірде тоқа­лының үйінен шығып, ...екі шақырым­дай жер­дегі қойлы ауылға келген» (С.Жүнісов, Ақан сері.). Біздің бай­қауы­мызша, мына «тоқал» тұлғасы­ның «мүйізсіз» ұғымын беретін «то­қал» сөзімен мағы­на жағы­нан ешбір байланысы болу мүмкіндігі жоқ. Сон­дықтан сөз төркінін басқаша іздестір­ген жөн болмақ. Пар­сы тілін­де біздегі «екі» мағынасын «до» тұл­ғалы сөз берсе, «екілік», «екін­ші» ұғым­дарын «дохал» сөзі түсіндіреді. «Дохал» сөзі кейбір түркі тілдеріне ауы­сып, «тоқал әйел» тіркесі пайда болса, ал кейін «әйел» сөзі түсіп қа­лып, «то­қал» сөзі­нің қалыптасуы ғажап емес. Бұл тұр­­ғы­дан қарағанда, «тоқал әйел», біздің қазіргі түсіні­гімізге аударғанда, «екін­ші әйел» болады. Бәйбішеден кейін­гі алған әйелдің «екінші» болып аталуы да дағдыдан тыс көрінбесе керек.
АБЫСЫН-АЖЫН — туыстық қатынасты білдіретін ұғым. Ағайынды жігіттердің әйелдері бір-біріне aбы­сын-ажын болады. Көбінесе aбы­сын-ажындар өзара сырлас, мұңдас, тату болады. «Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп» деген мақал oсыған байланысты айтылған. Қолданыстағы абысын-ажын деген қос сөздің әрқайсысының көне түркі-моңғол тілдерінде жеке-жеке мағына­сы болған. Келін ағаның әйелін – абы­сын, ал абысын інінің әйелін ажын  деп атаған.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста