Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық өнерінің бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.

ШАРҒЫ САЛУ  (дәстүр).  Ұзатыл­ған қыз өзіне тете сіңлісіне өзі тартатын орамалын береді.  Бұл – «ендігі кезек сені­кі, бақытыңды тап» деген сөз. Мұны біздің ана тілімізде «шарғы салу» деп те атайды.  «Шарғы» салын­ған қызға жеңгелері, замандастары бас қосып келіп, жақсы тілек білдіріп шай ішеді. 
ШІЛДЕ ҚАҚҚАН (ырым). Қазақта «әр бала туған сайын анасының бір тісін ала түседі» деген шындыққа сай келетін қағида бар. Анығында, жас босанған әйел дұрыс күтінбесе тісінің түсіп қалатыны анық. Мұны «шілде қаққан» дейді. Бұл жас ананың өз күті­мі­не де, денсаулығына да байланысты болады. Ырым бойынша жас босанған келіншек итке «кет» демейді. Онда тісі түсіп қалады дейді халық сенімі. Халық тәжірибесінде бұл да жай айтыла сал­ған сөз болмауы керек. Өйткені халық ырымы мен тыйымының бәрін бекерге шығару орынды іс емес.
ШІДЕРГЕ СИГІЗУ (ырым). «Ші­дер­ге симеген неме!»  (сөгіс). Қазақ халқы бала 4-5 жасқа толғаннан кейін сүндеттеу, ашамайға мінгізу, тігін тігу, жүн түту сяқты еңбекке баулып, ұлттық әдет-ғұрыптарды түсіндіріп, оны жүзе­ге асыра бастайды.  Соның бірі – ер балаларды шідерге сигізу.  Бірнеше адам бас қосып, балаға «сен енді аза­мат болдың, шаруаға ыңғайлы бол» деп бата беріп, алдына шідер тастап, оған сигізетін болған.  Бұл ырым бала еңбекқор, іске бейім бол­сын деген ойдан туған. Шаруаға икем­сіз­дерін «шідерге симеген неме» деп сөгеді.
ШЕГЕ ШАПАН (дәстүр, кәде). Құда болуға баталасқан екі жақ келіскеннен кейін бір-біріне сый-сияпат ұсынады. Жігіт жағы «қарғы бау» ұсын­­­­ғаннан кейін жаушыға «шеге шапан» жабады. Бұл – уәде пісті деген сөз. «Жау­шы» жіберген жақ жігіт ауылы келе жат­қан өз «жаушылары­ның» үстін­дегі, яғни «шеге шапанын» көріп, оларды шашу шашып қарсы алады.
ШӨБЕРЕ АЛАҚАНЫНАН СУ ІШУ. Қазақ үшін өмірдің бір қызығы – шөбере қолынан су ішу. «Адам ұрпа­ғы­мен мың жасайды» дейді халық даналығы. Демек, бала сүю, ұрпақ өсіру әр адам үшін қызық әрі көз қуа­ныш. Соның ішінде шөбере деп аталатын төртінші ұрпақ көрудің орны бөлек. Бұл – кемеліне келген қарттық өмірдің үлкен белгісі. Оның қазақ әдетінде жөн-жосығы, қағидасы бар. Жөн-жосығы – ата мен әженің жаңа туған шөберенің алақанынан су ішу. Қағидасы – шөбере қолынан су ішкен адам бұл дүниеде бақытты, о дүниеде де жолы ашық, жеңілдік болады дейді дін шариғатының білімпаздары. Қалай болған күнде де төртінші, бесінші ұрпақты көру, көп жасау белгісі ғана емес, ұзақ ғұмыр кешудегі сапарының мазмұнды жолдары екені анық.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы сандарында да қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста