Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздемек. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөздерді айтпағанда, арамызда қазақтың кейбір сөздерінің мағынасын түсіне бермейтін қандастарымыз баршылық. Сондықтан біз бүгінгі санда қазақтың бөлім-бөлімнен тұратын әдет-ғұрып ишараларының бірқатарын тізбектеп шықпақпыз.

ӘДЕТ-ҒҰРЫП – белгілі бір қоғам­дық-әлеуметтік ортада пайда болып, кейіннен сол ортада тұратын адамдар­дың мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналып кетіп отырған. Қазақы әдет-ғұрыптар көшпе­лі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. Ал ол жеке тұлғалардың, отбасылары мен белгілі бір деңгейдегі әлеуметтік топтардың мінез-құлқын бел­гілі бір қалыпқа келтіріп қана қой­май, қауымішілік тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтуға да септігін тигіз­ген.
Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңлі­сі­не атын атамау үшін қосымша ат қоя­ды. Мұны «ат тергеу» деп атайды. Мұн­дайда қойылатын аттардың кейбірі мынан­дай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса – «сұң­ғақ­тым», жайбасар болса, «жүйрігім» деп те ат қоятын болған. Ер адамдар да өзінен үлкендерді «Мәке», «Сәке» деп құр­мет­тейді.
Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адал­дық­тан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант атқан» деп жек көріп, «Уа, айтыл­ған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?» деп кінәласады.
Араша түсу. Дауласқан, жанжал­дас­қан адамдарға басу айтып, ажырату, сабасына түсіру – «араша түсу» деп атала­ды. Бұрындары мұндай жанжалда ауыл­дың, елдің абыройлы абызы «Араша!», «Араша!» деп айқайлап, от шық­қалы тұрған ортаға барып, ағайын­ға араша түскен.
Арыздасу. Бұл фәнидегі (өмірдегі) тататын дәм-тұзы таусылып, өмірден өтіп бара жатқан ғаріп отбасымен, туған-туыстарымен, көрші-қолаң, дос-жарандарымен соңғы рет тілдесіп, қош айтысады. Мұны арыздасу деп атайды. Арыздасуда бақилық болғалы жатқан пенде біліп, білмей жасаған қателік, күнә, кінәлары үшін жиналғандардан, олар одан кешірім сұрайды.
Асар жасау. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын «асар жасау» деп атайды. Оның екінші атауы – үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайын­­дап, сый-құрметін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, көмегіне ақы алмайды.
Асату. Оны С.Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген кітабында кең насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға аса­тады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасын­да жүретін болған.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің алдағы бірнеше санында қазақтың әдет-ғұрып ишараларын бөлім-бөлімімен назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!                
Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста