Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасына тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейді. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме сөзден (парсы және араб тілдерінен енген) көп нәрсе жоқ. Бүгінгі санда біз «ғайып» және «пір» сөздерін алып отырмыз.

ҒАЙЫП. Араб тілінде «а л - Г а й б» бо­лып айтылатын бұл сөздің мағынасы «жоқ болу, жабық болу, көрінбеу» дегенді біл­ді­реді. Құран Кәрімде «қымбатты, қол жет­пейтін тәңір құпия­сы, тек Алла ғана ие бола алатын білім деп айтылған. «Қымбаттылығы» мен «қол жет пейтіндігіне» қарамастан, ғайып Құран мен тәпсірге сәйкес діни тағзым етудің белгісі болып табылады. «Аса қадірлі нәрсенің хабаршысы» ретінде Құ­ран­ның өзі де ғайыптың белгілі бір бөлшегін «ашуға» көмек­те­се­ді. Хадис бойынша ғайыпты білу – Құдай мен пайғамбарлардың ғана еншісіндегі дүние. Құранға жазылған түсініктемелер мен ескі дәстүрді ұста­ну­шы­лардың айтқандарында осы жағдай атап көрсетіледі. Кейбір хадистер мен түсінік­те­мелерде ғайып «Құдайдың кәсібіне» теңестіріледі. Ат-Тұстаридың сопылық тәпсірі бойынша адамдардың ғайыпты тануы, оның сырын ашуы жарық дүниеге Құдай орнатқан тәр­тіп­тің бұзылуына алып келеді деп есеп­те­ле­ді. Адам өміріне алдын ала болжам айтатындар (әсіресе құма­лақ­шы, көріп­келдер) Аллаға серік қосушы, яғни Құран­да көрсетілгеніндей, ең ауыр күнәні арқалаушылар болып табылады.
«Ғайып» жайлы Құран Кәрімдегі аят­тар­да көптеген түсініктер берілген:
«Ол барлық ғайыпты біледі. Ғайыптың сы­рын ешкімге ашпайды. Тек қалаған пай­ғам­барына ғана білдіреді. Сондай-ақ Раб­бы­сынан алынған хабарлардың айна-қатесіз, толық жеткізілгенін білу үшін Алла өз елші­сінің алды-артына күзетші қояды. Негізінде, Алла олардың жағдайын толық біліп, барлық нәрсені жеке-жеке санап, жазып қойған» («Жын» сүресі).
Бұл сөзге қатысты хан Әз Жәнібек халықты жиып:
– Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім бо­ла­ды, соны кім табады? – деп сұрағанда, жиыл­ған халықтың арасынан біреу шығып:
– Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі ар­сыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, – депті. Осы мысалға қарап, біз «ғайып» сөзі қазақтар арасында ертеден келе жатқан сөз деген ойда қалдық.
ПІР. Бұл сөзге қатысты филология ғы­лы­мының докторы, профессор Ислам Жеменей өзінің бір ой-тол­ғауында былайша түсінік беріпті. «Пір» сөзі парсы тілінен аударғанда – «дана­гөй қария», сопылық әдебиетте «ру­хани жетекші, басшы» деген мағына береді. Бұл сөзді сопылық әдебиетте ең бірінші қолданып, ислам әлемін парсы тілінде жырлаған парсы ақындарының бірі «пірді» ­Ахмет Ясауиге қатысты қол­данып, «Түркістан пірі» атты арнау өлең жазыпты. ­Содан кейін бұл сөз сопылық әлемінде әйгілі бір тер­минге айналып кеткен деседі. Ал Бекет атаның пірліктің іс жүзінде адамдар өміріне енуіне негіз болғаны туралы шетелдік ғалым­дар айтпаса да, қазақ ғалымдары сан мәрте айтып та, жазып та келеді. Мәселен, сол заман­дар­да алыста отырып адамның сынығын іштей үрлеп қалпына келті­ре­тін сынық­шылар да болған екен. Мұн­дай рухани күш тек таза табиғатта жиналып, адам­ның ішінен шығады. Сол кереметтер одан кейінгі сахабалар мен әулиелерге ауысып отырған. Әулиелер пайғам­бар­лар­дың рухани күшіне жете алма­ға­нымен, өз­дерінің ішкі рухани күшін жинақтап, со­ны­мен басқа адам­дар­ға көмектесетін бол­ған.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің келесі санында «ғұмыр» және «ғибадат» сөздерінің мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста