Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасына тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейді. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме сөзден (парсы және араб тілінен енген) көп нәрсе жоқ. Бүгінгі санда біз «аластау» және «талант» сөздерін алып отырмыз.

АЛАСТАУ. Түркі жұртшылығы мен арабтарда дәстүрлі тәңіршілдік дүние-танымынан, отқа табынудан қал­ған­ ­ырым. Ол екі түрлі мәнде – ел аума­ғын, мал өрісін, мекенжайды ке­сір-кесапаттан сақтау үшін және адам мен малды ауру-сырқаудан айықтыру үшін қолданылған: 1) ежелгі қазақтар отты тазалық иесі, зұлымдыққа қарсы тұратын құдіретті күш, киелі нәрсе санаған. Б.з.д. IV ғасырда Византия елшісі Земархты, кейіннен Еуропа елшілерін дала жұр­тының от арасынан өткізіп, «тазар­тып» қарсы алғандығы көне Қазақстан туралы жазған саяхатшылар еңбектерінен белгілі. Сондай-ақ қазақтар қыстаудан – жайлауға, жайлаудан қыстауға қоныс аударарда көш керуенін лаулап жанған екі оттың арасынан айдап, «алас-алас, пәле-жаладан алас» (арабшада – ары­лу, бостандық алу, төлеу, өтеу) деп дуалаған. Жаңа үйге қоныстанарда бөлменің бұрыш-бұрышына от жағып  немесе адыраспан, арша тәрізді емдік қасиеті мол өсімдіктердің түтінімен бәле-бәтірді аластау салты қазіргі кезге дейін сақталған; 2) ежелгі қазақтар адам мен малға тиетін індет атаулының иесі, яғни құдайы — «бәдік» деп түсін­ген. Бақсылар от айнала қобыз тартып, сарнау айтып, мал-жанды аластап, жансыз нәрселерге көшіруге тырысқан. Бәдік айтып, ауруды аластау нышан­дарын ауыз әдебиетінің нұсқаларында мол ұшыратамыз. Мысалы: «Айт деген­нен айтамын-ау бәдікті, Қара мақпал тоным тозды әдіпті, от оттамай, су іш­пей жата берсе, Бәдік емей немене бұл кәдікті. Көш, көш, көш!»  Сонымен қатар аурудан өлген малдың басын сырлап, адам мен жан-жануардың аяғы баспайтын жерге көміп тастау немесе сырқат адамды күн батарда да­лаға алып шығып, су бүркіп, от айнал­дырып аластау ырымы да бар біздің қазақта.
ТАЛАНТ.  Латын тілінен (talentum) шыққан бұл cөз әлем халықтары ара­сында кеңінен тараған сөздер қатарына жатады. Талантсыз адам болмайтынын ескерсек, қазірде елді таңғалдырып, сөзі­мен, ісімен, әрекетімен дүйім жұртты өздеріне қаратқан жандарға абырой мен бедел тек еңбекқорлығы, табан­ды­лығы арқасында келетінін дә­лел­деудің өзі артық. Таланттылар мен дарындылар бала күннен танылатынын жат­тық­тырушылар, ұстаздар мен тәрбие­­ші­лерден артық ешкім біле қоймас, сірә. Мәселен, таланттылар мен дарынды­ларға қатысты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Базаркүл Кеулімжаева өз ойын былай жеткізді: «Әрбір бала – болашақ данышпан» деген қағидаға ой жібер­сек, ұстаз атаулының шәкірттерді да­рын­ды, дарынсыз деп жіктеуінің үлкен қателік екенін білеміз. Психологтер адам бо­йын­дағы дарындылықтың екі түрге бөлінетінін айтып отыр. Оның бірі туа бітсе, ал екіншісі жүре келе қа­лыпта­сады екен. Жүре келе қалып­тасатын талантты, дарындылардың ең үлкен қасиеті – білмегенді білу, істей алмаған­ды істеу үшін өз-өзіне қатаң талап қоя алады екен.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің келесі санында «пара» және «шүкір» сөздерінің мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста