Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейміз. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (парсы және араб тілінен енген) сөзден көп нәрсе жоқ. Бүгінгі санда біз «кейуана» және «абыз» сөзін алып отырмыз.

КЕЙУАНА. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінде «кейуана» деп «жасы ұлғайған, ежелден, әлдеқа­шан­нан келе жатқан, көпті көрген» деген түсінік берілген. «Кейуана» сөзін араб, парсыны айтпағанда, түркітілдес елдердің түсіндір­ме сөздігінен де табу мүмкін емес.. Есесіне, бұған ұқсас, төркіндес сөзді монғол және қалмақ тілінен ұшыратуға болады. Моңғол тілінде «хэзээний» болып айтылатын сөздің мағынасы «көптен бергі, ежелгі» дегенді білдірсе, ал қалмақ тілін­де­гі «кезәнә» сөзінің аудармасы «әлде­қашан, бұрыннан» дегенге саяды. Та­рих­­шылардың пайым­дауын­ша, қал­­­­мақтан енген «кезәнә» сөзі уақыт өте келе қазақтарға ауысып, төл сөзіндей қалыптасып кеткенге ұқсайды. Сондай-ақ оның дыбыстық өзгеріске ұшырауы да тіл заңдылығына қайшы келмейтіні тағы бар. Өйткені басқа тіл­ден ауған сөздер былай тұр­сын,  өзіміздің түркітілдес елдердің «т, з, й» дыбыстарының өзара сәйкестеніп қолданыла беретіні белгілі нәрсе (якутша — атах, хакасша — азах, қазақша — аяқ). Дәл осы жолмен «кезәнә» сөзі де қазақ тіліне алдымен «кейәнә», «кейуәнә», кейіннен «кейуа­на» болып өзгеріп енгендей. Қазақ тілінде бұл сөз үнемі жасы ұлғайған адамға бағытта­лып айтылатындықтан, оған «қарт», «ана», «ата» сияқты сөздер­дің қосарлануы заңды құбылыс деп білеміз.
АБЫЗ. Көпмағыналы әрі көп ұлт­тың тілінде кездесетін сөз. Мәселен, татар мен қалмақтар «абыз» деп Құранды «түсінді­руші, ұстазды» айтса, арабтар «Хафиз» (сақтаушы, қорғау­шы, көріпкел, Құранды жатқа айтушы) сөзінің баламасы ретінде «діни көсем, бейкүнә» адамды айтқан. «Хафиз» сөзі Алланың тоқсан тоғыз көркем есімінің бірі болып саналады. Сол себепті болар, арабтарда ұл балаға тиесілі «Хафиз» есімінен бөлек, қыз балаларға қойы­латын «Хафиза мен Капыз» есімі жиі кездеседі. Ал қазақтар бұл сөзді зор құрметке ие, абырой-беделі асқан, көпті көрген ақса­қал, елді аузына қаратқан қарияға бағыштап айтады.

Құрметті оқырман!
Газетіміздің келесі санында «обал-сауап» және «жан тері» сөздерінің мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, хабарласа жүріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста