Анығы – осы

Анығы – осы

«Алаш айнасы» газеті ел ішінде жиі қолданылатын, күнделікті өмірде жиі айтылып, жиі жазылса да, көп адам мән-мағынасын біле бермейтін кейбір сөздерге талдау жасайтын болады. «Анығы – осы» айдары арқылы газетіміздің әр санында мән-мағынасы беймәлім сөздердің түбірі неден шыққаны, халық арасында тез тарап кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап іздейміз. Мәселен, қазіргі уақытта қазақ тілінде кірме (әсіресе орыс, парсы және араб тілінен енген сөздер) сөзден көп нәрсе жоқ. Бүгінгі санда біз «лағнет» және «ұшыну» сөзін алып отырмыз.

ЛАҒНЕТ. Хадистерде былай делін­ген: «Өздерiн әйелге ұқсатқан еркек­тердi және еркектерге ұқсағысы келген әйелдердi Аллаһ лағнет етсiн». Дін исламда айтылған бұл сөз қазаққа да жат емес. «Лағнет» сөзін қазақтар ықы­лым заманнан қолданады. Және мұны қарғыстың ең үлкені деп есепте­ген. Сол себепті бұл сөз көп жағдайда құдайы қонағын қарсы алмайтын көргенсіз, шайпау қатынға, қартайғанда басыңа әңгіртаяқ ойнататын жетесіз ұл мен қыз­ға, парақор әкім мен дұшпанға бағышталып айтылады. «Лағнет» сөзі «тұқымы құрысын, өмірден ұрпақсыз әрі доссыз өтсін, орта жолда сағы сынсын» деген сөздерге балама болып табы­лады.
ҰШЫНУ. Жер бетінде ұшынбайтын адам жоқ. Адам қатты ұшынса өліп кетуі де мүмкін. Ұшынудан айығудың бірден-бір жолы – ұшықтау. Ұшықтау рәсімі емдеудің ең жылдам әрі ең тиім­ді түріне жатады. Ұшықтаудың бірнеше түрі бар (жалғызұшық, қазанұ­шық, жерұшық). Адам ұшынғанда басы айналып, жүрегі айниды, не тоңып, не дене қызуы көтеріледі. Ұшықтау кезін­де ауруға «ұшық, ұшық» деп қарап отырып тұз, күл қосылған су мен сүт­ті ауызбен, қолмен бүркеді. Адамдар көп жағдайда ұшынуға кешқұрым уақытта немесе тас қараңғыда далаға бет-аузын жумай-сүртпей шыққанда, кенеттен көрген нәрсесінен шошын­ғанда ұшырайды. 

Құрметті оқырман!
Газетіміздің келесі санында «пәлсапа» және «шежіре» сөздерінің мағынасын ашып беруге тырысамыз.
Жарияланған сөздерге қатысты айтар ой, қосар пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса хабарласа жүріңіздер.
Байланыс телефоны: 8 /727/ 3 888 062

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста