Ана тілім – алашымның айбыны

Ана тілім – алашымның айбыны

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде дәстүрлі «Ана тілім – алашымның айбыны» атты жыр мүшәйрасы өтті. Бұл кеш Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған Тілдер апталығының шымылдығын ашып берді.
Бұған дейін іріктеу кезеңінен суырылып шыққан жас ақындар да бұл кеште  «ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйінін түйгенінше ана тілінде айтуға» барын салды. Туған тілін ша­быттана жырға қосқан олардың әр сөзі жүрек тебірентті. Кеште әуелеген патриоттық ән, күмбірлей төгілген күй мен ұлттық би жү­рек қылын тербеп, жігер берді. Ақын­дардың бал­ғын жырларына факультеттің белді ұстаз­дары Бердібай Шалабай, Бағдан Момы­нова, Гүлмира Қазыбек, Кенжетай Күркебаев­тар­мен қатар, осы мүшәйраның алғашқы жеңім­паздары, талантты жас ақындар, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 3-курс студенттері Манас Қайыртайұлы мен Шерхан Талап төрелік етті. Қара қылды қақ жарған қазылар алқасы жас ақындардың талабын жоғары бағалап, «Лирик ақын», «Тіл жанашыры», «Отансүйгіш ақын», «Еңбекқор ақын» аталымдарын ұсынды. Ал ІІІ дәрежелі дипломды Ақбота Садық, Әсел Жұртбаева, Арман Бейімбетов өзара бөліссе, ІІ дәрежелі дипломға Сәуле Нысанбек пен Жансая Қа­лекесова ие болды. І дәрежелі диплом кесек сөздері, терең астарлы жырымен ерек­шеленген Жандарбек Жұмағұловтың еншісіне бұйырды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста