Жын ұрған адамды қалай емдеуге болады?

ЭПИЛЕПСИЯ – созылмалы  психоневрологиялық ауру.  Қазақ халқында «қояншық» ауруы деп  те аталады. Негізгі сипаты  – кенеттен  және  қайталанып отыратын   талмалы  ұстама. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың әр түрлі ауруларынан  т.б. жағдайлардан болады. Кейде бұл ауру тұқым қуалайды.

Аурудың сипаты
Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып, айқайлап, есінен танып құлайды. Аузынан көбігі ағады, басын соғып, тілін шайнайды. Денесі сіресіп, көгеріп қатып қалады да, бірнеше секундтан кейін басын соққылап, селкілдей бастайды. Бұдан кейін науқас адам біразға дейін есін жия алмай, ұйықтап кетеді. Оянғанда не істеп, не қойғанын білмейді. Кейде ауру жеңіл ұстап, селкілдемей-ақ есінен танып құлайды, ұстама тез басылады. Эпилепсияның қайталап ұстауы көбіне ешбір себепсіз болады. Кейде қорыққанда, бір нәрсеге ашуланғанда, шаршағанда жиілеуі мүмкін. Эпилепсияның ұзақ уақыт ұстайтын түрі де болады. Науқас тұнжырап, айналасында болып жатқан жағдайға көңіл бөлмей, өзіне қойылған сұраққа жауап бермейді. Оның көз алдына әр түрлі зат елестейді, дыбыс естіледі, әр жерден бірдеңе іздеп әуреге түседі. Қасындағы адамға ретсіз тиісіп, ұрысады, үйден шығып кетуі де мүмкін. Кейде өзін-өзі жұлып, бетін тырнайды, қолына түскен затты сындырады, айқайлап, жылап, қатты күйзеледі. Ұстама біткеннен кейін осы істегендерінің біреуін де есіне ала алмайды. Ауру жұқпалы болмағандықтан, талма ұстағанды көрген адамға көмек қолын созуға асығуымыз керек. Және науқас тілін жұтып қоймас үшін, сулы матамен тілін ұстап тұрған дұрыс.
Ислам ғалымдары эпилепсияның екі түрін көрсеткен:
«Әл-хъ­аби­са», яғни, жын тиюдің әсерінен болған;
Ішкі физикалық үйлесімсіздіктен (қан зәр іріңімен неме т.б. нәрселермен араласады) болған.
«Алла Тағала шипасын берместен, ешбір ауруды жібермейді» (Бұхари).  Яғни, бұл аурудың да емі бар. Екінші түрдің ем-домы медицинада қарастырылған. Сондықтан, дәрігер мамандарға жүгінген абзал. Қазіргі таңда шөппен және ара балымен емдеу шаралары кеңінен қолданылады.
Ауруға сабырлық танытудың сыйы – Жәннат
Ата бин Әбу Рабах былай дейді: «Бірде ибн Аббас (оған Алла разы болсын) маған: «Мен саған жәннаттық болған әйелді көрсетейін бе?», - деді. Мен: «Иә», - дедім. Ол: «Мына қара әйел кезінде Алланың Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Мен ауруым қозғанда есімнен танып құлап, денем ашылып қалады, мен үшін Аллаға дұға жасашы», - деді. Оған: «Егер қаласаң шыда, бұл үшін саған Жәннат бар, ал егер қаласаң Алладан сені сауқтырсын деп дұға жасайын», - деді. Ол: «Мен сабыр сақтаймын», - деді де: «Шындығында, мен (құлаған кезде) ашылып қаламын, Алладан мен ашылмас үшін дұға жасашы», - деп өтінді. Сонда (Пайғамбар) Аллаға сол өтінішпен ол әйел үшін дұға жасады» (Хадисті Имам Бұхари мен Муслим риуаят еткен).  Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) осы хадистің тәпсірінде әйелдің ауруы жынмен байланысты емес, әйтпегенде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны емдейтін еді дегенді айтқан екен. Яғни,жоғарыдағы хадисте айтылғандай, сырқатқа сабырлық танытқан адамның сыйы – Жәннат болмақ.
Жын тиген адамның белгілері
Ең алдымен, эпилепсияның түрін анықтауда маңызды рөл атқаратын жын тиген адамның белгілеріне тоқталайық:
1.Қайғы-мұң басады;
2.Дем алу қиындайды;
3.Көңілі қатты құлазиды;
4. Жекеленеді, тұйықталады;
5. Жұмыстан, білім алудан қашады
6. Құлшылықтан алыстайды;
7. Азан мен Құран даусы естілсе мазасы қашады;
8. Денесіне, киіміне нәжістің тиюінен ләзаттанады;
9. Ұмытшақ, ойы шашыраңқы болады;
10. Өзінен өзі күледі, жылайды;
11. Ешбір медициналық белгілерсіз әрдайым басы ауырады;
12.Жалқаулыққа, делсалдыққа ұрынады;
13. Уәсуас (сыбырлауды) естиді;
14. Қозғалмалы ауру байқалады (біресе іші, біресе қолы, басы, аяғы ауырады);
15. Қатты қайғырса, ашуланса талып қалады;
16. Аллаға серік қосу амалдарын жасайды;
17. Күнәны көп жасайды;
18. Өзі секілді дертке шалдығып, емделген адам туралы айтса естігісі келмейді;
19.Ұйқысыздық, елегізу байқалады;
20. Қол-аяғы ұйып кетеді.
Дәл осы белгілерді адамның талмасы ұстамас бұрын байқап, қажетті шараларды қолдануымыз керек. Шараларды қолданбас бұрын міндетті түрде білім иесіне жүгініңіз немесе жобаның алғашқы бөлімінде (https://asylarna.kz/informaciya/stati_i_publikacii/pajambar_medicinasy_emshn_alaj_tadajmyz/ ) айтылғандай Құран мен сүннетке қайшы келмейтін әдістерді пайдаланатын емшіге жүгініңіз.
Жынмен байланысты болған эпилепсияны емдеу
Алла Тағала Құранда: «Ей, адамдар! Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан насихат, көкіректегі  нәрселерге шипа және имандылар (мүміндер) үшін жолбасшы (тура жолды ұстануға басшылық) әрі мейірім (Құран) келді» дейді. («Юнус» сүресі, 57-аят). Сөзсіз адам үшін Құранда шипа бар. Ғалымдар адам эпилепсияға шалдығып, талмасы ұстаған жағдайда мына аятты оқуды көрсеткен:
«Сонда сендер Біз өздеріңді бостан-бос, (ермек етіп) жаратты әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?»-дейді. Әл-Мәлик (барлық нәрсенің шын Билеушісі әл-Хақ (күмәнсіз Ақиқат) – Алла аса жоғары. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол – Ұлы Аршының Раббысы (Иесі)». («Муминун» сүресі, 115-116-аяттар).
Әбу Дәуіттің жинағында Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: Кімде-кім бір нәрсеге шағымданса немесе оның жақыны шағымданса: «РаббанәЛләхә ләзи фи сәмәи, такаддаса исмукә. Амрукә фи самаи уәл ард кәмә рахматукә фи сама, фаджғал рахматукә фил ард. Уағфир ләнә хубана уә хатәна әнта раббу таййибин. Әнзил рахматан мин рахматикә, уә шифаан мин шифаикә ғалә хазал уаджғ») деп айтсын, сонда Алланың қалауымен айығып кетеді».
Дем салу арқылы емдеу
Сондай-ақ, жынмен байланысты болған аурулар үшін Құран мен сүннетте келген бірнеше дем салу әдісі бар.
Дем салу – науқас адамға Құран аяттарымен немесе сахих хадистерде келген  дұғаларды оқып дем салу, яки ауыратын жерге қолды қойып оқу деп түсіндіріледі. Бұл -  Құран және сахих хадистермен орындалса,  Алланың қалауымен пайдалы болады.
Оның ең қарапайым түрі ретінде: «Фатиха» сүресін 7 рет, «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін 3 реттен, «Аятүл-Күрсіні» 1 рет оқуды айтар едік.

asylarna.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста