Жылқы етін жеу харам ба?

Кейбіреулер ханафи мәзһабын ұстанатындарға жылқы етін жеу – харам деп жатады. Бұл қаншалықты рас? Жалпы ханафи мәсһабын ұстанатындарға жылқы етін жеу харам ба? Енді осыған қысқаша тоқталғанды жөн санадық.
Жылқы етіне байланысты ханафи мәзһабында екі түрлі үкім бар. Әбу Ханифа пікірінше жылқы еті мәкрүһ болса, оның екі үлкен мүжтаһид шәкірті Мұхаммед пен Әбу Юсуф бойынша адал. Әбу Ханифа жылқы етінің мәкрүһтігіне байланысты «Нахл» сүресінің: «Жылқыны, қашырды және есекті мінулерің үшін және сән мақсатында жаратты» деген 8-аятын дәлел ретінде келтіреді. Яғни, малдың етін жеу ең үлкен нығмет бола тұра бұл аятта жылқының мінуге арналғандығы мен сәндігі ғана айтылып отыр. Егер жылқы еті анық адал болғанда ең әуелі оның осы жағы айтылатын еді дейді. Бірақ аятта жылқы етінің нақты желінбейтіндігі кесіп айтылмағандықтан Әбу Ханифа оған харам деп емес, мәкрүһ деген үкіммен шектелген. Сондай-ақ, Әбу Ханифаның мәкрүһ деп үкім беруінің тағы бір негізгі себебі жылқы малының соғысқа қажеттілігінде жатыр. Себебі, басқаша үкімге бару соғысқа ең қажетті көліктің азаюына, аятта айтылған оның «міністілік» мақсатының жоғалуына әкеп соғады. Әбу Ханифаның мәкрүһ дегені «мәкрүһ тәнзиһан» адалға жақын мәкрүһ па, жоқ әлде «мәкрүһ тахриман», яғни харамға жақын мәкүһ па ғұламалар арасында екі ұшты пікір бар. Алайда Әбу Ханифаның жылқы сүтіне адал деп пәтуа бергенін ескерер болсақ, жоғарыдағы жылқы етіне байланысты берген пәтуасының «мәкрүһ тәнзиһан» адалға жақын мәкрүһ екенін аңғаруға болады. Әбу Ханифаның жылқы етіне мәкрүһ, ал сүтіне адал деп басқаша үкім беруінің астарында жылқы сүтін ішу салдарынан соғыс көлігінің азаймайтындығы, мініс мақсатының жоғалмайтындығы жатыр [1]. Егер жылқы еті харамға жақын мәкрүһ болғанда, Әбу Ханифа оның сүтіне адал деп үкім бермес еді.
Ал Әбу Ханифаның екі үлкен мүжтаһид шәкірті Мұхаммед пен Әбу Юсуфтың пікірінше, жылқы еті адал. Дәлел ретінде әл-Бухариде және Муслимде риуаят етілген мына хадистерді келтіреді:
Біріншісі, Жәбир ибн Абдилланың: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) хайбар күні есек етін жеуге тыйым салып, жылқы етін жеуге рұқсат берді» [2] деген хадисі.
Екіншісі, Әбу Бәкірқызы Әсманың: «Пайғамбар (с.а.у.) заманында жылқыны сойып, етін жедік» [3] деп риуаят еткен хадисі.
Қорытынды: Бәрімізге белгілі ханафи мәзһабы, бұл тек Әбу Ханифаның берген пәтуларының жиынтығы ғана емес, ханафи мәзһабының үкім шығару негіздеріне (усулул-фиқһ) сүйене отырып шығарылған мүжтаһид ғалымдардың пәтулары да осы мәзһабқа жатады. Ханафи мәзһабында Әбу Ханифаның екі үлкен шәкірті Мұхаммед пен Әбу Юсуфтың берген пәтулары да көп жағдайда негізге алынады. Міне, сондықтан жылқы етін жейтін ханафи мәзһабын ұстанатын мұсылмандар бұл мәселеге байланысты Мұхаммед пен Әбу Юсуфтың берген пәтуларын негізге алады. Сондай-ақ, кейбір пәтуалар заманы мен ортасына, жағдаяттарға қарай өзгеріп отырады. Әбу Ханифаның жылқы етін жеудің мәкрүһ санауының негізгі себебі, жылқы малының сол заманда соғыстың негізгі құралы болуында. Ал қазір соғыс құралы ұшақ, танкі секілді заманауи күшті техникаларға ойысқандықтан Әбу Ханифаның жылқы етіне байланысты берген «мәкрүһ» деген үкімі де өздігінен өзгеретіні мәлім. Яғни, Әбу Ханифа қазіргі дәуірде өмір сүргенде жылқы етіне байланысты басқаша үкім беруі де мүмкін еді. Ең дұрысын Алла біледі.
muslim.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста