Жұрт зиярат ету үшін Қызылорда облысындағы "екінші Қағбаға" ағылып жатыр (фото)

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Хорасан ата кесенесінің маңында жергілікті жұрт «Меккедегі Қағбаның көшірмесі» деп санайтын құрылыс бар деп хабарлайды Азаттық.

 

Скриншот: azattyq.org

Бұл зират «аймаққа ислам дінін жайған Әбжелел баптың құдайға сыйынған жері» деп саналады екен. Кей зиярат етушілер бұл жерге «Қағба көшірмесін» көруге ғана келсе, кейбір адамдар оны жеті рет айналып, Меккедегідей қажылық ғұрыптарын орындайтын көрінеді.

Скриншот: azattyq.org

Жаңақорған ауданы имамының айтуынша, бұл аңыздың 400-500 жылдық тарихы бар алайда екінші Қағба деп атауға мүлде болмайтынын айтады. Мешіт қызметкерлері Қағбаға ұқсайтын ескерткіштің түр-сипатын өзгертуді Әбжелел баптың ұрпақтары мен жергілікті халыққа бірнеше рет ұсынғанын айтады. Алайда жергілікті халық ескіден келе жатқан орынды өзгертпеуді, қаз-қалпында қалдыруды сұраған.

Скриншот: azattyq.org

Ескерткішкке қатысты бірнеше аңыз бар. Бір аңызда 8-9 ғасырда Әбжелел бап бұл жерді намаз оқитын бөлме ретінде салған-мыс. Кейін кесене тозған кезде сыртын қоршап, осындай макет жасалынған көрінеді.

Скриншот: azattyq.org

Тарихшылардың өзі бұл ескерткіштің қалай тұрғызылғаны туралы деректер тек халық аузындағы әңгімелерден құралғанын мойындайды. Ғылыми тұрғыдан алғанда шындыққа саятын дүние емес деп отыр. Десе де кесенеге келушілердің арасында"екінші Қағба" деген анызға сенетіндер көп екен.

 Nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста