Жұмақтың кілті болған тоқаш

Жұмақтың кілті болған тоқаш

Соңғы сабақ болғандықтан, оқушылар сыртқа шығуды тағатсыздана күтті. Дәптер мен кітаптарын сөмкелеріне салып, қоңырау үнін ести сала, сыртқа зыта жөнелуге дайын. Тек, Әли ғана бірқалыпты, бейғам отыр. Оқушылар қоңырау шалынысымен есікке қарай ұмтылды. Әли заттарын асықпай жинап, бір көзімен оқытушыға қарап, бір көзімен достарын бөлмеден шығарып салды. Мұны байқаған мұғалім Әлиді сөзге тартты:

- Әли саған не болды? Үйге қайтпайсың ба?

- Сізбен сөйлессем деп едім.

- Иә, - деді мұғалім, - не айтпақсың маған?

- Ахмет бар ғой...

- Иә, Ахметке не болды?

- Жағдайы мәз емес секілді. Анасы сөмкесіне жейтін тағам салмай жүр.

- Сонда не айтпақшысың?

- Оған көмек берсем бе деймін. Менің жәрдемдескенімді білсе, оған ауыр соғады. Күніге бір тоқаштың ақшасын жинап, апта соңында сізге берсем, сіз оған беріп тұрсаңыз?

Қалтасынан ақша шығарып, мұғалімнің үстеліне қойды. Нұрхан мұғалім Әли жөнінде бар білетінін ойына түсіре бастады. Білуінше, оның да отбасының жағдайы жақсы емес. Алайда, Әли - бойы ізгілікке толы, жақсылық жасауға бейім, сүйкімді шәкірттерінің бірі. Нұрхан мұғалім шәкіртін қинағысы келмей:

- Әли,- деді, - білуімше сенің де жағдайың жақсы емес, әлде мен қателестім бе?

- Дұрыс айтасыз, ұстазым. Әкем бір күн жұмыс істесе, екінші күні бос. Бірақ, мен өзім жұмыс істеп, ақша тауып жүрмін.

- Қандай жұмыс істеп жүрсің?

- Тоқаш сатамын.

Нұрхан мұғалім тағы да ойланды. Өзінен бұрын, өзгеге өзегін жарып беруге дайын тұратын шәкіртінің жан тазалығына іштей риза болды. Бірақ, оның жағдайының да мәз еместігін есіне алып, шәкіртінің сағын сындырғысы келмей:

- Үлкейгенде кім болғың келеді?- деп сұрады.

- Өте бай адам болғым келеді...

- Неге?

- Адамдарға көп пайдам тиюі үшін...

- Жақсы, -деді Нұрхан мұғалім. - Әли, Ахметтің отбасының жағдайы жақсы емес. Бірақ, сенің де отбасыңның жағдайы жетісіп тұрған жоқ қой. Жақсылық жасауға асықпа. Бай болған кезіңде жәрдемдесерсің.

- Жоқ, болмайды, - деді Әли, - Қазір жасауым керек.

- Неге?

- Оның үш себебі бар.

Біріншіден, бұл ақша шын мәнінде менікі емес қой. Өзі берген ақшаны, қайырымдылыққа жұмсасам, Алла мені жақсы көрмей ме? Мысалы, біздің көшедегі Қасен ағамыз, күніге тоқашты көгершіндерге жем етіп беріп, қаншама сауапқа ие болуда.

Екіншіден, «Ағаш шыбық кезінде егіледі» демекші, қазірден жақсылық жасауға бейімделмесем, үлкейгенде жақсылық жасап жарытпаспын. Қайырымдылықты бай болған кезімде жасармын деп, өзімді жаман үйретсем, кейін тағы да байи түсейін деп, жақсылық жасауда сараңдық жасап жүрермін.
Үшіншіден, үлкейгенімде өте бай адам болғым келеді. Бірақ, уақытында міндетін атқармаған адам үлкен адам бола алмайды.

- Үшіншісін толық түсіне алмадым.

- Қазір, бай болмаған соң, күн сайын тек бір тоқаш қана беріп, жақсылық жасай аламын. Әттең, бұдан көп жақсылық жасауға қолым қысқа. Бірақ, Алла шама-шарқына қарай жақсылық жасағанды жұмаққа кіргізеді. Әзірге, шамамның жеткені осы болғандықтан, мен үшін жұмақтың кілті бір тоқаш болып отыр. Егер, бай бола алмай, жан тәсілім етсем, бір тоқашты садақа етуіммен, бәлкім, жұмаққа кірермін.

Нұрхан мұғалімнің жүрегі толқып, жанарынан жас парлап қоя берді. Өзі ұстаз бола тұра, бейне бір ақылы толысып, егде тартқан сақа ұстаздан сабақ алғандай болды. Дәлелді уәжге басын шұлғып, Әлиді шығарып салды. Сынып бөлмесіне сөмкесін алуға келгенде, Әлидің үстелге қойған ақшасына көзі түсті. Орындыққа отырып, ақшаны қолына алды. Бұл күнге дейін қолына ұстаған ақшасы дәл осы тоқаштың ақшасындай қадірлі болған емес. Бейне бір қолына дүниенің ең қымбат інжу-маржанын, алмас-жақұтын ұстағандай болды. Тіпті, оған бұл ақша ол асыл тастардан да қымбат көрінді. Жұмаққа жолдама әперетін тоқаштың ақшасын алақанымен аялап ұстады. Отырған жерінен тұра алмай, жан дүниесі тылсым бір сезімге бөленіп, алай-дүлей күй кешті. Бұршақтап жауған жауындай, көзінен жас моншақтары төгіле берді...

Өз өзіне келгенде күннің ұясына батып, ымырт түскенін білді. Сең соққандай сылбыр қимылдап, бөлмеден шықты. Күзетші Сәкен «Бір тоқаштың ақшасымен жұмаққа кірмек, бір тоқаштың ақшасымен жұмаққа кірмек», - деген Нұрхан мұғалімнің дауысын естіді. Күзетші Сәкеннің «Не дедіңіз?» дегенін де естімей, құлағы тұнған Нұрхан есеңгіреген күйі, қараңғы түн қойнына еніп кете барды..

islam.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста