Жұманаза Өсерханұлы: Пайғамбарымыз Мұхаммедте (с.ғ.с.) өз Отаны үшін Аллаға дұға жасаған

Жұманаза Өсерханұлы: Пайғамбарымыз Мұхаммедте (с.ғ.с.) өз Отаны үшін Аллаға дұға жасаған

 «Отанды сүю – иманнан». Бұл туған ел, жер, дін ұғымдарының қасиеттілігін аңғартады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» дейді. Ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі Ислам діні басшыға бағынуды құптайтынын ескерсек, өз топырағыңды қастерлеу иманнан басталатынын кеудемізге түйсек, біз, еліміздегі барша мұсылман баласы байтақ даламыздың, іргелі еліміздің тыныштығына, татулығына, бірлігіне қызмет етуге тиіспіз. Дәл осындай отансүйгіштік сезімдерді хақ дініміздің хабаршысы, екі дүние сәруәрі Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың да ғұмыр жолынан, тасқа басылған сөздерінен байқаймыз.
Талайымызға үлгі болған хадис жолдарына көз жүгіртсек, Алла Елшісінің (с.ғ.с): «Біз Ухудты жақсы көреміз, Ухуд та бізді жақсы көреді» деген сөзін оқимыз. Бұл Ислам дінінің адам баласын туған елдің тауы мен тасына дейін жақсы көруге шақыратынын айғақтайды. Бүгінде діни ұстанымына байланысты Отан алдындағы борышын өтеуден қашқақтап жүрген қазақ жастары бар көрінеді. Бір нәрсе анық, әскерге бару – діни әрі ұлттық парыз. Өйткені, ер жігіттің елі алдындағы маңызды міндетінің бірі – әскери борышын өтеу. Отанымызды ішкі және сыртқы жаулардан әскер қорғайды.
Тәлімі мол тағы бір хадиске назар аударсақ: «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі, күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі, Отанды қорғап, шекара күзеткен көз». Иә, асыл дініміз тек құлшылық етуді міндеттемейді, Отанды қорғап, елді сүюге, адамзатқа адал болуға, айналамызға пайда әкелуге тәрбиелейді. Бұдан туған жердің тұғырын биік етіп, тыныштығына сеп болу – адамдық әрі мұсылмандық борыш екенін түйеміз.
Әр пенде үшін кіндік қаны тамып, туып-өскен жері, яғни, өз Отаны қымбат. Оның ұлтарақтай бөлігі үшін баһадүр бабаларымыз қасық қанын қиып, найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, бізге, ұрпағына мирас етті. Сондықтан барлығымыз туған ел мен жер алдында әрқашан қарыздар екенімізді ұмытпауға тиіспіз.
«Отан – оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген халық мәтелдерінің астарында да үлкен мән-мағына жатыр. Байтақ даламызды мекен еткен ел ішінде салт-дәстүріміз, рухани байлығымыз, ұлттық болмысымыз бен терең тарихымыз бар. Ал Отансыз жұрттың дәстүрі, тілі, діні, тарихы жоқ. Сол себепті де Ислам діні отансүйгіштікке, патиоттыққа айрықша назар аударған. Тағы да Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) тағылымына ой салсақ, ол Отан қорғаудың қаншалықты сауапты іс екендігін де жаршылап кеткен. Айталық, бір сахаба пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Иә, Расулаллаһ, ең абзал амал не?» деп сұрағанда, Алла елшісі: «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру, бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы» депті.
Екі дүние сардары, әз Мұхаммед (с.ғ.с) заманында Меккеден көп қиындық көріп, Мединаға қоныс аудармақ болады. Сонда пайғамбарымыз туған жерімен қоштасып тұрып, бір тауға шығады. Қараса, Мекке алақандағыдай көрініп тұр екен. «Ей, Ибраһим (ғ.с.) дұға қылған шаһар, жетпіс алты пайғамбар өткен шаһар, Құран аяттары түскен шаһар, ей, Алланың үйі Қағба орналасқан шаһар, кіндік қаным төгілген шаһар, сені тағы көруді Алла тағала нәсіп етсін!» деп көзіне жас алыпты сол кезде Алланың елшісі (с.ғ.с). Бұл жерде де пайғамбарымыз (с.ғ.с) туған жерге деген махаббатты, оның әрбір өзен, көл, тау, тасына деген сүйіспеншілікті өсиеттеп тұр.
Ислам – ақиқат пен парасаттылық, адамгершілік пен кішіпейілділік қасиеттерге үндейтін ұлы дін. Отан – сол қасиеттерді жүзеге асырып, бейбіт өмір сүретін ортақ үйіміз. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған Отанымыздың азаттығы мен тыныштығы бәрінен қымбат, бәрінен қастерлі. Ал, мұндай асыл сезімдер біздің халқымызға, елімізге бабаларымыз ұстанған асыл дініміздің тәрбиесі арқылы келген. Исламды салт-дәстүрімен қабыстырып, үндестірген дана халқымыз «Отанды сүю – иманнан» деген ғұламалар өсиетін өмірлік ұстанымына айналдырған.
Сөз арасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының мына сөзін назарға алсақ: «Халық даналығы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді. Бұл не деген сөз? Мәнін ойлап көрдік пе? Бұл Отанды қорғау жолында бәріне бара білуді, ештеңеден тайсалмауды білдіреді. Адамға алуан түрлі қасиет, дарын туған ортадан дариды. Сондай-ақ туған жер ата-бабаларымыздың сүйегі жатқан жер болғандықтан ұрпаққа перзенттік парыз жүктейді. Исламда бес нәрсені: Отаныңды, дініңді, ұятыңды, жаныңды, дүниеңді қызғыштай қорғау міндеттеледі. Осы құндылықтарды қорғау жолында қайтыс болғандар шейіт саналады. Ал шейіттердің ақыретте есепсіз жәннатқа барары мәлім» дейді дінбасы. Иә, қасиетті Құранда бұл туралы: «Шейіттерді өлдіге санамаңдар. Олар тірі, Алла біледі, сендер білмейсіңдер» делінген. Сондықтан Отанды қорғау жолында басын қатерге тіккендер шейіттер қатарына қосылады. Отанды сүю – тек қорғау ғана емес, туған елге, туған жерге адал қызмет ету. Отанға қызмет көрсетіп, халықты имандылық жолына шақыру атақ-абырой үшін емес «ұрпағымның, елімнің болашағы жарқын болсын» деген ұстаным болу керек.
Халқымызда: «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз де бар. Отанды сүюге, елге деген сезім отбасынан басталады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Барлығың жауаптысыңдар. Басшы – еліне, отағасы – отбасына, малшы малына жауапты. Әркім өз қарамағындағылардан сұраққа тартылады» деген. Олай болса, балаға жастайынан жақсы тәрбие беруге, туған елді құрметтеуді, жанын қорғағандай дінін, Отанын қорғауды, елдің ақысын жемеуді үйретуге әр отбасы жауапты. Осы орайда Елбасының: «Отанды қастерлеу – елдігіміздің тірегі. Біз отаншыл болуға, жас ұрпақтың санасына отаншылдық ұғымын берік орнықтыруға тиіспіз. Біле-білсек, Отанды сүю – біздің перзенттік парызымыз, қарыс қадам үшін жанын қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз!» деген сөзі ойға оралады. Ендеше, Отан алдындағы борышымыз жемісті өтелгей! Әр буын туған елі мен жерінің гүлденіп, көркеюіне иманмен атсалыссын! Сонда пайғамбар (с.ғ.с) шапағатына бөленіп, Алланың назарына ілінетініміз күмәнсіз.
Садырханов Жұманаза Өсерханұлы
С.Ғылмани мешітінің Бас имамы
Астана қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста