Жұма намазына бір үзір себепті бара алмаған кісі бесін намазын мешіттегі жұма намазы аяқталғанға шейін кешеуілдеткені абзал. Одан бұрын оқып қойса да намазы дұрыс. Намаз уақыты кірсе болғаны.
Сондай-ақ, ешқандай кедергісіз жұма намазына бармаған кісіге де мешіттегі жұма намаздың аяқталуын күтуі шарт емес. Одан бұрын оқыса да намазы дұрыс. Бірақ, үзірсіз жұмадан қалғаны үшін күнә жазылады. Алда-жалда жұма намазы аяқталмай жатып мешітке баруды ұйғарса, барған мезетте имамға үлгерген жерден ілесіп жамағатпен жұма намазын оқиды. Ол барам дегенше, жұманың парызы аяқталып қойған жағдайда алдын-ала оқыған бесінді қайта оқуы керек. Өйткені, жұма үшін мешітке аттануымен оқыған бесіні нәпіл намазға саналып кетеді.