Зина жайылған кезде жер сілкінісі көбейеді

Қазір кейбір азаматтар «жер сілкінісінен қаза болған адамдар шәһид пе, жалпы зілзала орын алғанда қашпай тұра беру өзіне қол жұмсағанмен бірдей ме, өлгендердің бәрін бір жерге көму дұрыс па?» деп түрлі сұрақтар қойып жатады. Осыған қысқаша жауап бергенді жөн санадық. 

Негізі көбіне жер сілкінісін – Алланың ескертуі деп түсінуіміз керек. Ғалымдар «Екі "З" әрпі көбейгенде үшінші "З" келеді» деген. Яғни Зұлымдық және Зина көбейген кезде Зілзала болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Зина жайылған кезде жер сілкінісі көбейеді.» (Дәйләми)
«Күнәлар ашықтан-ашық істеле бастағанда жақсы-жаман халықтың бәрі жалпылама азапқа душар болады.» (Табарани)
Жер сілкінісі – қиямет белгілерінен. Бұхаридағы хадис шәрифте «Жер сілкінісі көбеймегенше қиямет басталмайды» делінеді. Қияметтің нақты қашан басталатыны білдірілмеді.
Бірақ пайғамбарымыз алейһиссалам көптеген белгілерін хабар берді:
«Мәһди келеді, Иса аспаннан түседі, Дәжжал шығады. Яжуж Мәжуж барлық жерді қиратады. Күн батыстан туады. Үлкен зілзалалар болады. Діни білімдер ұмытылады. Жамандық көбейеді. Дінсіз, әдепсіз адамдар басшы болып, елге Алла тағаланың әмірлерін орындатқызбайды. Харамдар барлық жерде істенілетін болады, Йеменнен бір от шығады. Аспан мен таулар бөлшектенеді. Күн мен ай қараяды. Теңіздер бір-бірімен араласады және қайнап, құрғап кетеді».
Алланың ескертуі
Адамдар Алла тарапынан келген ескерту болған жер сілкінісінен ғибрат алу керек. Су тасқыны, жер сілкінісі, құрғақшылық сияқты Алла тарапынан келген қиыншылықтардың көрініс табуы Алла тағаланың шексіз ниғметтеріне, мейірім мен сияпатына қарсы шығушыларға ескерту ретінде беріледі. Ешбір ниғмет және пәлекет себепсіз берілмейді. Пайымдай алатындар үшін әр түрлі хикметтері бар. Күнәлардың кешірілуіне себеп болуы сияқты басқа да хикметтері бар. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Үмбетім үшін жер сілкіністері күнәларына кафарат (өтем)болады.» (Хаким)
«Алла тағала жер сілкіністерін жақсыларға үгіт, мүминдерге мейірім, ал кәпірлерге азап қылады». (И.Асакир)
Ғалымдар «Қауіптерден шамаларың жеткенше сақтаныңдар. Өйткені төтеп бере алмайтын, шыдауға келмейтін нәрселерден ұзақтау – пайғамбарлардың әдеті» деген.
«Жабық жерде отырғанда жер сілкінісі болса, ол жерден ашық жерге қашу мүстаһаб». (Бәззаззийа)
«Жер сілкінісі болған кезде үйден шығып, ашық жерге бару керек. Расулуллаһ алейһиссалам жолда қисық дуалдың алдынан жүгіріп өткен еді». (Хиндийа)
Бұл пәтуалардан аңғарылып тұрғаны бойынша, жер сілкінісінен қашпаған адам өзіне қол жұмсаған болып саналмайды. Мүстаһабты тәрк еткен болып саналады. Жер сілкінісінен қашпайтын адам міндетті түрде өледі деген қағида жоқ. Жер сілкінісінен қайтыс болған адамның иманы бар болса, ол міндетті түрде шәһид болады.
Хадис шәрифте «Суда тұншығып, өртте жанып, қираған дуал астында қалып өлген адам – шәһид» делінген. (Ибн Асакир)
Зәрулік болмағанша бір қабірге екі адамды көмуге болмайды. Тек зәрулік қана харамдарды мубах қылады. Зәрулік туындағанда жалпылама көмуге болады.

www.islamdini.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста