Жасаған жақсылығыңды жарияға жар салып, сауаптан айрылуға болмайды

"Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа жарқыным!
Қарыз ғып берсең, қажет те емес алтының"
деп Мұқағали ақын айтпақшы тіршілікте жасаған жақсылығыңның өтеуін сұрау қаншалықты дұрыс? Біреуге көмек көрсетсек, кейін өндіріп алу мақсатында беріп жүрмізбе, әлде Алланың разылығын алу үшін жасап жүрмізбе?
Адамдардың бәрі есеппен жүретін нарық заманында алған-бергенін тізбектеп жүретіні бесенеден белгілі. Тіпті, той жасаса да "кезінде апарғанбыз, соларды жинап алайық" деп жасайтындардың талайын  көз көріп, құлақ естіп жүр. Тағы бірі, "Пәленшенің түк білмес баласын мен едім жұмысқа кіргізген, енді баламды тұрғызсын" деп істеген жақсылығын міндет қылатындары да бар. Ежелден адамгершілік деген игі қасиетті бойына сіңірген қазақ өзіне жасалған жақсылықты ұмытып кетпес, тіпті, ол оның қарымын қайтара алмаған күнде де Алладан қайтары анық. Алайда пендешілік пен нәпсі адамға өз жақсылығын жарияға жар салғызып сауаптан айыруға итермелейді.  Алла Тағала: "Ей, иманға келгендер! Мал дүниесін адамдарға рия /көрсету/ үшін жұмсап, Аллаға және Ақирет күніне сенбейтін біреу секілді садақаларыңды міндетсіну әрі ренжіту арқылы зая кетірмеңдер. Олай еткеннің мысалы – үстін топырақ жапқан жылтыр тасқа ұқсайды. Сонда қатты жаңбыр жауып, оны жылтыр күйінде қалдырды. Олар /осылай/ істеген ісінен ешбір пайда ала алмайды. Әрі..."(Бақара, 264). Халқымыз өзіне көмек көрсеткен адамға "Алладан қайтсын" деп алғыс жаудыруының өзінде үлкен мән жатқан жоқ па? Тірлікте менің қайтаруға мүмкіндігім болмай кетсе, Алла саған сансыз сауаптан жазсын деген үлкен ой жатқан жоқ па бұл алғыстың астарында. Сондықтан да, "өкпелме ағайын, өкпелеме, Алған-берген артықтау кетті деме."                                        
Дана әрі дархан халқымыз "Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі" деп бекер айтпаса керек. Жоғарыда айтқанымыздай, өзіне жақсылық жасаған адамға қарыз екені кез келген адамның санасында болады. Ал кезінде кегі кеткен кейбір адамдарға жақсылық жасап жатқан жандарды көргенде еріксіз сүйсінесіз. 
Бауырыңа көмек бергенің, ақыретіңе амал еткенің
Шариғатымыз басқаларға көмек көрсетуге үндейді. Алла Тағала: "Ізгілік пен тақуалықта өзара көмектесіңдер" (Мәида, 2), Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): "Қайсібір мұсылман өзінің бауырына көмектессе, Алла оған көмектеседі" деген. Сондай-ақ біреу үшін араша түсіп, шапағат ету өте сауапты амалдар қатарына жатады. Алла Тағала: "Кім жақсылықпен араға түссе, содан оған игі үлес бар" (Ниса,85) деген. Ал Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): "Шапағат етіңдер, сауап аласыңдар" деп айтқан(Бұхари). Алайда біреуге көмектесудің және араға түсудің шарттары бар : бірінші шарт: көмек беруі не шапағат етуі сұралатын кісі тірі болу керек. Өліден көмек сұрау, шапағат етуін өтіну – дұғаны естімейтін өліні көмекке шақыру болып табылады. Бұл туралы Алла Тағала: "Егер оларды /өлілерді/ шақырсаңдар /сұрап, тілесеңдер/, шақырғандарыңды естімейді. Ал, естіген жағдайда да сендерге жауап бере алмайтын еді және Қиямет күні олар сендердің серік етіп қосқандарыңнан бас тартады"(Фатыр,15) дейді.
 Екінші шарт: көмек сұралатын адам өзінен не сұралып жатқанын түсіну керек. Үшінші шарт: көмек сұралатын кісі сұраушының қасында тұруы керек. Төртінші шарт: көмек сұралатын кісі сұралған нәрсені бере алатын болуы керек. Бесінші шарт: Сұралатын нәрсе дүние істерінен болуы тиіс.Алтыншы шарт: Сұралған нәрсе шариғатта рұқсат етілген, ешкімге зиянсыз нәрсе болуы қажет.
Бұл дүниедегі жақсы амалдарымыз қайтарымсыз, күнәлі істеріміз жазасыз қалмайтыны баршамызға аян. Жақсылық жасау үшін міндетті түрде ақуатты адам болу міндетті емес. Ең бастысы кең жүректі болу керек. "Жақсылыққа себепші мен оны жасағанның сауабы бірдей" дейді Әбсаттар қажы Дербісәлі бір сөзінде.
P.S: Игі бастамаларға себепші, әлсіздерге көмекші бола білейік!
sadaka.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста