Жақсылық құдайдан қайтады
Ертеректе өзен жағасында жұмыс істеп жатқан бір шаруа өзенде ағып бара жатқан бір кішкентай баланы көріп, жалма-жан суға секіріп түсіп, баланы құтқарып алыпты. Сүйтсе бұл өлім аузынан қалған бала сол маңдағы әйгілі бір бай көпестің жалғыз ұлы екен. Бай шаруаның жақсылығына есепсіз мал-мүлік ұсыныпты. Бірақ шаруа бұл мал-мүлікті алудан бас тартыпты да байдан бір тілек өтініпті.
- Менің жалғыз ұлым бар, талабы жақсы, соның бүкіл оқу акысын төлеп отыруға келіссеңіз – депті. Бай бұған мақұл болыпты. Ал кедейдің жалғыз ұлы үмітті ақтап жақсы оқыпты.
Ұзамай дүниежүзілік соғыс басталып байдың жалғыз ұлыда әскерге шақыртылып соғысқа кетіпті. Бір жолғы үлкен ұрыста байдың ұлы ауыр жараланып өлім алдында жатыпты. Дәл сол кезде көмекке келген бір дәрігер бай ұлының жанын алып қалыпты. Осы дәрігер кезінде бай бүкіл оқу ақысын төлеп оқытқан кедей шаруаның жалғыз ұлы әйгілі пенициллинды тапқан ғалым А. Флеминг еді……
Алла барлығын көруші, жақсылығыңыз ешқашан жерде қалмайды. Қашанда жақсылық жасаудан шаршамаңыздар және ешқашан істеген жақсылығыңыз үшін қарымжы сұрамаңыз. Бұл пәниде жасаған әрбір жақсылығыңыз алладан үлкен сауап болып қайтарына сеніңіздер.