Бәни Исраилда бір жігіт білім іздеп шығыпты. Оның бұл ісі сол кездегі пайғамбарға жетіп, ол әлгі жігітке былай деп хат жазыпты: «Ей, жігітім! Мен саған үш қасиет туралы насихат айтамын. Оларда бұрынғылардың да, соңғылардың да ілімі бар:
Оңашада да, жарияда да Алладан қорық;Жұртқа тіліңді тигізбе, олар туралы тек жақсы сөйле;Алдыңдағы асыңның адал жолмен келуіне мұқият бол».
Осыдан кейін әлгі жігіт білім іздеуге шықпаған екен. Осы үш қасиет туралы біліп, оған амал етудің өзі Жәннат есіктерін ашып берері хақ!!!
С.Ибадуллаев
"ҚАЙТАР КҮНГЕ ДАЙЫНДЫҚ"