Жәннатқа жетелейтін дұға

  • 28

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл дұғаны: «Сәйидуль истиғфар» (яғни, кешірім сөздің төресі), &ndash деп атаған.  Өйткені, бұл дұға &ndash құлдарының тәубесін қабыл етуші, ерекше мейірімді Алладан кешірім сұрағанда айтылатын ең ізгі сөздерді қамтыған.

 

Сонымен қатар, сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады»,[1] &minus деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.

 

 اللّهـمَّ أَنْتَ رَبِّـي لاَ إلهَ إلاَّ أَنْتَ ، خَلَقْتَنـي وَأَنا عَبْـدُكَ ، وَأَنَا عَلـىَ عَهْـدِكَ وَوَعْـدِكَ ماَ اسْتَـطَعْـتُ ، أَعُـوذُبِكَ مِنْ شَـرِّ مَا صَنَـعْتُ ، أَبُـوءُ لَـكَ بِنِعْـمَتِـكَ عَلَـيَّ وَأَبُـوءُ لَـكَ بِذَنْـبِي فَاغْفـِرْ لِي فَإِنَّـهُ لَا يَغْـفِرُ الذُّنُـوبَ إِلاَّ أَنْتَ

 

Оқылуы:

 

Ә&lsquoуузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим

 

Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә &lsquoабдукә уә әнә &lsquoалә &lsquoаһдикә уә уа&lsquoдикә мә-стәта&lsquoту ә&lsquoуузу бикә мин шәрри Мә сана&lsquoту әбуу'у ләкә бини&lsquoмәтикә &lsquoаләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә. (3 рет)

 

Мағынасы:

 

Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай гөр деп, Алладан пана тілеймін! Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен!

 

Уа, Алла Тағалам! Сен &minus менің Раббымсың! Сенен басқа Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен &minus Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай гөр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.

 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
  • 325
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 462
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста