ЖӘННАТ ЖЕМІСТЕРІНЕН: ҚАРБЫЗ

قَالَ اللهُ تَعَالَى: وَفَاكِهَةٍ كَثِيرَةٍ ، لَا مَقْطُوعَةٍ وَلَا مَمْنُوعَةٍ. (سورة الواقعة، 32-33)

Aлла Tағала былай дейді (мағынасы): “(Қайырымы мол, Аллаға жақын болған жандарға жәннатта) Ешбір түгеп, үзілмейтін, ешкім қорымайтын мол жеміс бар”. (Уақиға сүресі, 32-33 аяттар)

Пайғамбарымыздың (с.a.у.) eң жақсы көрген жемісінің бірі қарбыз болған. Қарбызбен бірге балғын құрма жеп, “Құрманың қызуы қарбыздың салқындығын, ал қарбыздың салқындығын құрманың қызуы алады” деген. Және бір хадис кітабында Пайғамбарымыздың (с.a.у.) қарбызға қосып жүзім жегенді ұнатқаны да риуаят етілген.

Мұнымен қатар, “Әрбір қарбыз бен анарда жәннаттан бір тамшы бар” деген.

Қарбыз ыстық, жылы өңірлерде өседі. Көктемде тоң кетіп, қырау түсу қаупі басылған соң егіледі. Әсіресе, өзен, көл жағалаулары қарбыз егуге ыңғайлы.

Қарбыздың 95 %-ы су. 8-14 % aрасында қант болады. Қарбызда B, C, A дәрумендері бар. Протеин мен май мөлшері аз.

Өте пайдалы қорек. Қарбыз бойға тез сіңеді, асқазан мен ішектерді жуады, ондағы кеселдерді кетіреді, бүйрек пен зәр жолын тазалайды. Қанда біріккен уытты (токсиндерді) айдап шығады. Аяғы, қарны ісінетіндерге пайдалы. Ағзаны салқындатады.  

Таңертеңгілік аш қарынға жеуге кеңес береді; өйткені тоқ қарынға жеген қарбыз асқазандағы тамақты шірітеді, сөйтіп асқазанды бүлдіруі мүмкін. 

Кез келген ас-ауқат тәрізді қарбыз жегенде де мөлшерге мән беру қажет. Әсіресе, қант диабеті және қан қысымы жоғары науқастар мен асқазаны ауыратындардың көп жемегені дұрыс.

Қарбызды толық піскен соң жеу керек. Іші түскен қарбызды жеуге болмайды. Қарбыздың толық піскенінің кей белгілері мынадай:

Піскен қарбыздың көмескі реңі ашылып, жылтыр түске бөленеді, қабығы тырнақпен оңай сызылатын күйге жетеді. Жерге тиіп жатқан тұсының ақшыл өңі ақырын сарғая бастайды, қарбызды шертіп қалғанда өзіне тән нық, толық дыбыс шығады. Халық арасында “мұртша, құлақша” деп аталатын, қарбыз бөлігінің 1-2 см жерінде болатын кішкене жапырақтары қурайды. 

Қарбыз әбден піскен кезде жеңілдейді.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста