«Жамағатымыздың 15-20 пайызы – қазақтар»: Евангелиелік христиан-баптистері шіркеуінің эпискобы шоқынуға келетін қазақтардың көптігіне қуанады

«Жамағатымыздың 15-20 пайызы – қазақтар»: Евангелиелік христиан-баптистері шіркеуінің эпискобы шоқынуға келетін қазақтардың көптігіне қуанады

Олардың арасында орысша нашар білетіндер де бар болғандықтан, біз құлшылық рәсімдерін қазақ тілінде де өткіземіз. Қазақша ән айтамыз.
Астанадағы Брусиловский көшесі бойында орналасқан жұмбақ ғибадатхананың маңдайшасында бұрын тек «Дом молитвы» деген жазу болатын. 1-2 жыл бұрын оған «Дом молитвы для всех народов» деген жазу қосылды. Көп өтпей «Барлық халықтарға арналған сыйыну үйі» деген қазақшасы да жарқ ете қалды. kazislam.kz сайтының тілшісі арнайы барып храмның пресвитері (епископы) Геннадий Врублевскиймен сұхбаттасып, сыйыну үйінің мән-жайын анықтап қайттыпты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шіркеу епископы Геннадий Врублевскийдің айтуынша, бұл құлшылық үйі ең алғаш ашылғанда келетін адамдардың көбін орыстар мен немістер болыпты. Қазір немістер азайып, олардың орнын енді қазақтар баса бастаған.

«Маңдайшамыздағы крестті көрген шығарсыз, яғни бұл жер – шіркеу. Біз протестант дінінің бір тармағы – евангелиелік христиан-баптистерміз. Храмның ресми атауы – «Евангелиелік христиан-баптистері шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі. Ғибадатхана 1995 жылы ашылған. Ал өзім 2000 жылдан бері осы сыйыну үйінің басшысы болып істеп келемін. Қазір жамағаттың шамамен 15-20 пайызы – қазақтар. Соңғы кездері тіптен көбейіп келеді. Олардың арасында орысша нашар білетіндер де бар болғандықтан, біз құлшылық рәсімдерін қазақ тілінде де өткіземіз. Қазақша ән айтамыз. Сол себепті, өзіңіз көріп отырғандай, қабырғаларымыздағы жазуларды орыс және қазақ тілдеріне ауыстырдық. Бұрын шіркеу ішіндегі жазулар да орыс және неміс тілдерінде болған», – дейді шіркеу басшысы.

Шіркеу маңдайшасында «Барлық халықтарға арналған сыйыну үйі» деген жазу тұрғандықтан басқа діндегі адамдар да осында келіп, құлшылықтарын жасай алады екен.

«Егер мұсылмандар кіріп, намаз оқимыз десе, оған ешкім кедергі келтірмейді. Құдай үшін барлық ұлт бірдей, ол ешкімді ұлтына қарап алаламайды. Кез келген адам бұл жерде өз тілінде, өзі қалағанынша сыйына алады. Дегенмен, баптистер шіркеуі болғандықтан, негізінен мұнда біздің сеніміміз бойынша құлшылық жасалады», – деп атап өткен эпископ

Айтуынша, шіркеу ресми түрде тіркелген. Бүгінде Қазақстанның барлық аймағында осындай 200-дей баптистік шіркеу бар екен. Олардың бәрі «Қазақстанның евангелиелік христиан-баптистер одағына» қарайды. Орталық кеңсесі Қарағанды облысының Саран қаласында орналасқан. Шіркеуді мемлекет қаржыландырмайды. Шығындары келушілердің садақасы есебінен өтеледі екен.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста