Жалқаулықтан айығамын десеңіз осы дұғалар сізге арналған

Жалқаулықтан айығамын десеңіз осы дұғалар сізге арналған

Жалқаулық – Ислам заңдары мен құндылықтарына қайшы кемшіліктердің бірі. Және күллі адам баласының бойындағы бір негізгі кемшілік. Жалқаулық адамның Аллаға барар жолын жабуға қауқарлы. Ол Алла Тағала берген уақыттың құндылығын ұмыттырады, құлшылық жасауға мойын бұрғызбайды. Солайша адамды шынайы сенімнен айырады.

Жалқаулық та шайтанның бір құралы. Жалқаулану – өз нәпсіңнің қалауына берілу деген сөз. Жаңа күннің таңы атқанда да адам ең алдымен жалқаулықпен сыналады. Жалқаулығын жеңіп, төсегінен тұрып, дәретін алып құлшылық етеді немесе ұйқысын қимай жата береді. Таң намазы жалқаулықтан құтылудың ең жақсы жолы. Әр күн сайын ерте тұру арқылы адам жалқаулығын жеңе бастайды.

Алла елшісі (ﷺ) жалқау адам болмаған. Оның бар ғұмыры уақытты бос өткізбегенін дәлелдейді. Бірақ Пайғамбарымыздың (ﷺ) өзі бір күн болмаса бір күні жалқаулықтың ығына жығылып кетпес үшін келесі дұғаларды оқыған:

«O, Алла! Дәрменсіздік, жалқаулық сезімінен Өзіңнен пана іздеймін».

«О, Алла! Қорқыныш пен қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, қорқақтық пен рухсыздықтан, сараңдық пен қарыздан, сондай-ақ айналамдағыдардың қысастығынан Өзіңнен қорған іздеймін».

«O, Алла! Бұл күні маған табыстан, жеңіс пен жақсылықтан жақсысын бер. Бұл күнде және кейінгі күнде жасырылған жамандықтан мен Өзіңнен пана іздеймін».

«Сергек және белсенді болуымызға көмектес және бізді сәтсіздік пен жалқаулықтан қорға»

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста