Христиан әйелдің мұсылман қызға жазған хаты
«Террорға қарсы соғыс» басталғалы бері әр американдық отбасының әңгімесі мұсылман әлемі жайлы. Ливандағы соғыс пен өлімді көріп жүрмін. Тек оны ғана емес, мен сендерді де байқап жүрмін. Әр әйелдің бірнеше баласы бар. Киінгендері қарапайым болғанымен, сұлулықтары ішкі жан дүниесінде екен.
Қызғаныш сезімі:
Сендердің сұлулықтарыңды, кішіпейілділіктеріңді, бақыт нұры шашылған жүздеріңді, жақсы мағынадағы тәкаппарлықтарыңды көріп қызығамын.
Ия, қызық болса да маған бір ой келді. Сендер күнделікті бомбалаудың астында қалып жүргендеріңмен, біздің өмірімізбен салыстырғанда әлдеқайда бақытты көрінесіздер. Бұл атам заманнан келе жатқан әйелге тән өмір сүру. Біз де, яғни батыс елдері, 60-жылға дейін осындай ғұмыр кешкенбіз. Тек біз шабуылдан кейін өзгеріп кеттік. Шабуыл деп тұрғаным әскери қатығыс емес, өтірік айту пен адамгершіліктен аттап кету ұрандары.
Еліктіру:
Олар бізді, американдық әйелдерді, ұшақ пен танкпен емес, басқаша шабуылдады. Ол шабуыл – Голливуд деп аталады. Қалаларының быт-шытын шығарғаннан кейін, осы «қаруды» сендерге де қолданады. Сендермен де осы болмасын деп тілеймін. Біз сияқты қорланасыңдар. Десе де бізді тыңдасаңдар бұл зардаптан құтылуларың мүмкін.
Сендердің Голливудтан көріп отырғандарының бәрі де өтірік. Олар некесіз қатынасты тек зардабы жоқ ермек деп көрсетіп, қоғамға ар-ұяттан безуді үгіттейтін телехабарларын тықпалап әлек. Сендерде фильмдер мен музыкалық клиптер көрсетіп, американдық бойжеткендерді бақытты деп, жезөкше сияқты жалаңаштанып жүрген кейпін мақтана көріп, отбасы жоқтығына разы деп көрсетеді. Әсте олай емес. Арамыздағы көпшілігіміз бақытсыз. Миллиондары өзінің жұмысын жек көреді. Алдымен сүйемін деп, пайдаланып, кейін тастап кеткен жігіттерге бола түні бойы жылап өтеді. Олар сендердің отбасыларының берекесін бұзып, бала санын неғұрлым азайтуға тырысады. Отбасылық өмірді құлдық деп, бала сүйюді қарғыс деп, ал кішіпейілділік пен пәктігіңізді өткен заманның келбеті деп көрсетісі келеді. Олар сендердің масқараларыңды шығарып, діннен аластатқысы келеді. Хауа анамызды азғырған шайтан сияқты. Өтірікке алданбаңыз.
Өз-өзіңді бағалау:
Менің ойымша әр әйел заты бағалы тас, саф алтын тәрізді келеді. Көпшілігі алданып, өзінің тазалығының бағасына күмәнмен қарайды. Есіңде болсын, батыстан келген «мода ауруы» сендерді ең басты құндылық – еркектің құмарлағын ояту деп үйретеді. Бірақ, киген ұзын көйлектерің әлдеқайда тартымды. Сендердің еркектерің әлі де ер мінезді, сондықтан сендер сияқтылар ғана лайықты. Біздің жігіттерімізге гауһар керек емес, таңдауы – жалған бриллиант. Таңдаудың өзі уақытша ғана. Кейін оп-оңай лақтыра салуға дайын.
Сендер – мінсіз інжусіңдер. Алданып, арбанып керексіз қара тасқа айналмаңдар! Батыстық журналдар мен телеканалдарда көргендеріңнің бәрі де жалған. Ақымақтарға арналған алтын.
Әйел жүрегі:
Кішігірім құпияны жария етейін, некеге дейінгі төсек қатынасы бәрі де айтатындай қызықты емес. Теледидарда көргендей, өзіміздің тәнімізді сүйген жігіттерде тапсырып едік. Бұл бізге үйленуге септігін тигізеді деп ойладық. Ойлағанымыздай болмады. Бұл тек жүрекке сызат түсіріп, көз жасымен ғана аяқталды. Жазғанымды түсініп отырған шығарсың. Біздер шынымен де ұқсаспыз. Дініміз, тіліміз, ұлтымыз бөлек болғанымен жүрегіміз бір. Бәріміз де отбасы қасында, ошақ басында өмір сүргіміз келеді. Бірақ американдық бойжеткендер жеке пәтері мен қызметтік мансабы, өз махабатын өзі таңдай алу еркіндігіне қол жеткізіп бақытты боламыз деп сеніп қалды. Бұл еркіндік емес. Шын мәнісіндегі махаббат та емес. Тек неке құрғаннан кейін ғана әйел жүрегі алаңсыз сүйе алады екен.
Өз-өзің алдау:
Батыстың әйелдеріне әрдайын «мұсылман әйелдерінде өз құқығы жоқ» деп сендіріп келді. Шындығына келсек, нағыз өз таңдауы жоқ біз екенбіз. Мода қуған, семіздігіне бола ұялған, жігітте жалбарынған мына біздер нағыз құлдықта жүрміз. Нағыз алданған бізбіз. Бәріміз де, айтпасақ та, іштей сендерге қызығып жүреміз.
Біздерді сөге көрмеңдер. Отбасымыз ерте бұзылғаннан көпшілігімізде әке болмаған. Қорғанышымыздан айырылдық. Осы барлық саясаттын артында кім тұрғанын біліп те жүрген шығарсыңдар. Алданып қалмаңыздар.
Естеріңде болсын, тіс пастасын қайтадан құтысына салуға болмайды. Сондықтан пәктігіңді қорға. Сендерге сыйластық пен таңдана қарағандығымнан бұл кеңесімді қабылдайсың деген сенімдемін.
христиан әпкең Джоанна Фрэнсис
журналист (АҚШ)
аударған Рүстем Нүркен