Хиджаманы осы күні жасаңыз
Пағамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті бойынша қан алдыру үшін қамари айлардың 17, 19, 21-күндері дүрыс делінген. Ибн Сина өз еңбегінде қамари айлардың басы қан алдыруға тиімсіз екенін, сол үшін айдың ортасында қан алдыру дұрыс болатынын айтқан. Өйткені қамари айлардың басында ағзадағы қан азаю байқалады деп түсіндірген. (Ибн Сина, Қанун, 1,212 бет). Бұған қоса Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) қан алдыру үшін дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндерін атаған (Ибн Мәжә, Тыбб, 22).
Сахабалар қатты ыстықтың зардабынан қан алдыру арқылы қорғанған. Ал бұрынғының дәрігерлері бұған көктем мен күз мезгілдерін жөн деп тапқан.
Арам қан деген не?
Қан әрдайым қозғалыста болу керек. Көп жағдайда адам ағзасындағы қан толық айналымға түспей, тамырлар мен артериялар бойымен барлық қанның тек жартысы қозғалып жатады. Қанның қалған бөлігі резервте сақталып, қан кету, гипоксия, интенсивті жұмыс және т.б. сияқты жедел жағдайларға жұмсалады. Қозғалыссыз тұрған қан ескіре бастайды: өз қасиетін жоғалтады, ағзаға түскен зиян нәрселерді жинайды.
Бұндай тұрып қалған қан кесірінен ағзадағы әр мүше өз жұмысын қажетті дәрежеде атқара алмайды. Хиджама — бұл ағзада тұрып қалған арам қаннан құтылудың тәсілі. Бұл ағзаға айтарлықтай пайда әкелетіні даусыз. Хиджаманың құпиясы мен негізі неде? Ағзаны қанның бір бөлігінен босатудың нәтижесінде, оның ішкі резервті-қалыпқа келтіру фунциясы қосылып, ағзада жаңа қан бөліне бастайды. Жаңа қан ағзаны жаңартып, көптеген аурулардан емдейді. Хиджама ағзаны дәрі қабылдамай, өзінің ішкі ресурстарымен емдейтін ем.
Медициналық сүлікпен емдеу де хиджама болып табылады. Хиджама ислам мемлекеттерінде кеңінен қолданылатыны белгілі. Алайда, соңғы жылдары қан алдыру батыс елдерінде де кең қанат жайып келе жатыр. Голливуд жұлдыздары мен олимпияда спорт шеберлерінің арасында да хиджама көмегіне жүгінген адамдар аз емес.
Хиджама келесі ауруларды емдеуге көмектеседі: туберкулез, простатит, арқа ауруы, қалыпсыз қан қысымы, бас аурулары, иммунитеттің төмендеуі, тамырлардың тарылуы, мойын және иық аурулары, геморрой, бұлшықет аурулары, ревматизм, паралич, жүрек аурулары, буын аурулары және т.б.