Әссәләмуғалейкум! Сұрағым келгені: әйелімнің етеккірі келіп болғаннан кейін ғұсылсыз жыныстық қатынасқа түсуге бола ма? Әлде, алдымен ғұсылдануы керек пе?
Уағалейкум әссәләм! Бұл мәселені үш жағдайға бөліп қарастырған жөн:
Хайыз он күнге толмай тоқтаса (мысалы, 6 күн келіп, 7-ші күні тоқтаса, басқаша айтқанда, айдың 20 келіп, 27-де тоқтаса), бұндай жағдайда қатынасқа түспестен бұрын ғұсылданады немесе толық бір намаз уақыт өтуін күтеді.
Ал, хайыз оныншы күні тоқтаған жағдайда (мысалы, айдың 20 күні келіп, 30-на тоқтаса), бұл кезде қатынасқа түспей тұрып ғұсылдану – мұстахаб, бірақ, шарт емес.
Әр әйелдің хайыз тоқтайтын ай сайынғы әдетке айналған уақыты болады. Бұны «адәт күндері» деп атаймыз. Ендігі жерде, әр айдағы «адәт күндеріне» толмай жатып хайызы тоқтаған әйел, «адәт күні» толғанша қатынасқа түспейді. (Мысалы, әр айда 7 күн келіп жүрген хайызы, бұл жолы 4 күнде тоқтады делік. 7 күнге толғанға шейін қатынасқа түспейді, бірақ, ғұсылданып намазын оқиды)[1].
[1] Лүбәб – 1/62 бет.