«Біліп қойыңдар!
 
Шын мәнінде, дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән ғана.
 
 Өзара мақтанысу, сондай-ақ мал-дүние мен балаларды көбейтудің жарысы.
 
Бейне бір өсірген өсімдігімен егіншілерді таңқалдыратын жаңбыр сияқты.
 
Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің.
 
Содан кейін үгінді болады.
 
 Дүние тіршілігі де сол сияқты.
 
Ал ақыретте (кәпірлер үшін) қатты азап, (мүминдар үшін) Алладан жарылқау, ризалық бар.
 
 Негізінде, дүние тіршілігі алданыштан басқа ештеңе де емес»
 
 («Хадид» сүресі, 20-аят)