ҮЛКЕН КҮНӘЛАР ҚАЙСЫЛАР?..

Алла Тағала былай дейді (мағынасы): «Егер сендер тыйым салынған нәрселердің үлкенінен сақтансаңдар, сендердің жамандықтарыңды жасырып, өздеріңді құрметті орынға кіргіземіз». (Ниса сүресі, 31-аят)

 

Абдулла ибн Омар (р.анһума) үлкен күнәлардың нелер екені жайында Пайғамбарымыздан (с.а.у.) былай риуаят еткен: «Кәбира деп аталатын үлкен күнәлар тоғыз: Алла Тағалаға серік қосу, себепсіз адам өлтіру, намысты әйелге зина жаласын жабу, зина жасау, соғыстан қашу, сиқыр жасау, жасату, жетімнің малын жеу, мұсылман ана мен әкеге қарсы келу, Харам шәріпте күнә жасау».

 

Әбу Һурайраның (р.а.) риуаятында бұларға; «Өсімқорлық» және Әлидің (к.у.) риуаятында да; «Ұрлық жасау» мен «Арақ ішу» қосылған.

 

Аталғандардан басқа Пайғамбарымыздың (с.а.у.) айтқан басқа үлкен күнәлар да бар.

 

Олардың кейбірі мыналар:

 

(Себепсіз, әдейі) намазды, зекетті, оразаны тәрк ету, шамасы келсе де қажылық жасамау.

 

 Пайғамбарымызға (с.а.у.) жалған (бір сөзді) қосу.

 

 Алла Тағалаға қарсы келумен қатар жақсылық жасағанға нанкөр (жақсылықты білмейтін) болу.

 

Нәмимә (адамдар арасын бұзу үшін сөз тасу).

 

Туыспен байланысты үзу.

 

Құмар ойнау.

 

 Қарақшылық жасау.

 

Біле тұра өтірік ант ішу.

 

Зұлымдық жасау.

 

Харам жеу.

 

Көп өтірік сөйлеу.

 

Пара алу.

 

Ердің әйелге, әйелдің ерге ұқсауға тырысуы.

 

 Кіші дәреттен сақтанбау.

 

Рия жасау.

 

Ілімін жасыру және тек дүниелік үшін ілім үйрену.

 

Тағдырды мойындамау.

 

Қарғыс айту.

 

Сөзінде тұрмау, келісімге қиянат қылу және басқалардың құпияларын үйренуге тырысу.

 

Өз-өзіне қол жұмсау.

 

Әйелдің күйеуімен келісе алмауы.

 

Көршілерге, мұсылмандарға жәбір көрсету.

 

Жануарларға жәбір көрсету.

 

Еш себепсіз жамағатпен намазды тәрк ету.

 

 Таразы мен өлшемде қулық жасау.

 

Әулиелерге жәбір көрсету, оларға жау болу.

 

Сахабаларды жек көру.

 

Сонымен қатар құлдың ұдайы жасаған кішкентай күнәлары да үлкен күнәға айналады.

 

 

 

mazhab.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста