Үйіне оралған содыр қайта Сирияға кетуге ниетті екен

Анкаралық ИШИМ содыры Ж.А-мен болған сұхбат та назарыңызда

Ислам мемлекетінің әділеттілік туралы түсінігіне қатысты не айтар едіңіз?

— Аллаһ тарапынан берілген үкімдермен байланысты шешім қабылдайтын болғаннан кейін бе екен, ол жердегі әділет туралы түсінік өте ұнамды. Тең, әділ жүйе бар. Әрине, тәртіп қаталдау, бірақ ол тәртіп — Аллаһ тағаланың тәртібі. Мысалы, Раккада медбикемен зина жасап қойған дәрігер, бұны өзі келіп мойындап, қандай үкім болса да, жасаған ісін мойнымен көтеруге дайын екендігін айтты. Содан кейін оған тас жаудырып, өлтірді. Шариғатта да «Ұрлық жасаса, қолын кес, ал зина жасағандар таспен атқылап өлтірілсін» деп бұйырады емес пе?

ИШИМ тұтқынға алған әйелдер мен балалардың соғыс олжасы ретінде саналуы, әйелдердің жыныстық құмарлықты бастырар «кәде» ретінде сатылуы сияқты әрекеттерді жиі құлағымыз шалып қалады. Ислам мемлекетіндегі ішкі ахуал халықаралық ақпарат құралдарында таратылған осы сияқты мәліметтерге қаншалықты жанасады?

— «Әйелдер базарда сатылады екен» деп жатады. Оллаһи, шын сөзім, мен Раккада бес ай болдым, базарда сатылған бір де бір әйел көрсем неғылайын? Әрине, құл базары бар. Бұл базар деп отырғаным кәдімгі үй, жұрт айтқандай ашық аспан астында мал саудасы сияқты саудаламайды. Сол үйге барасың, көресің, ұнаса ақшаңды бересің де, аласың. Сосын Ислам жолымен некеңді қидырасың. Ендігі жерде ол тек сенікі, қаласаң — сыйға тарт, қаласаң — азат ет.

Өзіңіздің отбасын құруға немесе құл сатып алуға әрекеттенген кезіңіз болды ма?

— Иракта 25 жастағы, үш балалы әйелге үйленбекші болғанмын. Алайда әлгі әйел үйленетін адам ұлты түрік, эмигрант болсын деген талап қойыпты. Менен артық қандай түрік болсын? Кейін менің отбасым бар екенін білгеннен кейін келісім бермеді. Ол жерде де әйел алғанда шариғат жолымен 1,500 доллар шамасында мәһір беріледі.

Гомосексуалисттердің шатырдан лақтырылуы секілді оқиғалар әлем назарында көп талқыланды. Осы сияқты жазаланған жағдайларға куә болдыңыз ба?

— Ондай оқиғаны өз көзіммен көрмедім. Алайда есірткі сатқан кісінің басын қалай шапқанына куә болдым. Негізінен Жаратқан иеміз қасиеті Құранда: «Кәпірлерді көрсеңіз, кідірместен басын алыңдар» деп бұйырған емес пе? Біз ешкімді азаптамаймыз. Аллаһтың бұйырғаны секілді басын шауып тастаймыз. Бітті.

Құлдыққа алынған иорданиялық ұшқыш та осыған ұқсас әрекетпен жазаланып, өлтірілді ме?

— Осы оқиғаға қатысты барлығы «Адамды тірілей өртеді» деп ИШИМ-ге күйе жағып әуре. Иорданиялық ұщқыш ұшақпен бомбалағанда, әлі өсіп-жетілмеген балаларды өртегенде бұған ешкім ештеңе айтпады. Сол себепті оны торға қамап өртеп, үстіне ұсақталған тас төкті, оның үстінен грейдермен айдады. Бұл да Аллаһтың үкімі.

 

Түркия мен Сирия шекарасында емін-еркін жүрген ИШИМ содырлары

Соғыста қолға түскен қарусыз тұтқындардың жазалануына қатысты сіздің көзқарасыңыз қалай?

— Олар, яғни тұтқынға алынғандар біздің дінімізді мойындамайды. Алдымен дінді қабылдауы керек, сосын оны айтып куәлік етуі тиіс. Әйтпеген жағдайда басқаша болады. Дегенмен олар бұны жасамайды ғой.

Міндетті түрде куәлік ете ме?

— Әрине, міндетті түрде. Егер ол барлық жағынан бізге керек адам болса, арамызда қалдыруға тырысамыз. Алайда, ол жаса дегеніңді жасамайды ғой. Бізді де, біздің дінімізді де қабылдағысы келмейді, сол үшін оған кәпір деген үкім шығарылып, жазасы беріледі.

Сіздің қандай да болсын соғыс тұтқындарын өлтірген немесе сондай оқиғаға куә болған кезіңіз болды ма?

— Иракта бірге болған екі досымның бірі ДШК, екіншісі ПКМ (кеңес кезіндегі ірі калибрлі пулеметтер. ред.) жаудырушы болатын. Ал мені «баскесер (жендет)» етіп белгіледі. Тұтқындардың біреуін бір рет өлтірдім. Жендет деген лақап атым сол үшін таңылды.

 

Түркия мен Сирия шекарасында емін-еркін жүрген ИШИМ содырлары

Бас кесу оқиғасы қайда, қандай талаптар арқылы жүзеге асырылды?

— Ирактағы Нинова елдімекенінде, Сұлтан Абдуллаһта болды. Алайда, Аллаһқа ант етейін, мен еріксіз мәжбүр болдым. Кешкілік, кезекшілікте едім. Тұтқындардың бірін көзім шалып қалды. Қаннен қаперсіз, «серуендеп» жүр! Жанымдағы жолдасыма ескерттім де, дереу әрекетке көштім. Ол мені күзет орнында бақылаумен болды. Екеуміз тек сымсыз байланыс арқылы хабарласып тұрдық. Ол ДШК-ны менің бағыт алған жағыма қарай бұрып, шабуылға дайын тұрды. ДШК — сондай бір мина, көздеген адамыңды екіге айырып шашып жібереді. Сонымен әлгі тұтқын жақындап қалды. Оны бері бұрған Аллаһтың өзі шығар. Қаруын қолға алып, көздеп тұр. Алайда өзі ДШК-нің нысанында еді. Бір нәрсе болса болды, екеуі де қаруға жүгінбек. Сол мезет әлгінің арт жағынан барып, бас салдым. Көзін, аяқ-қолын байладым. Сөйтіп, қажетті жерге апарып, тапсырдым. Менің бұл әрекетім басқаларына үлгі болды.
Тұтқынға қатысты соңғы үкім қалай шығарылды?

— Капитанымыз: «Бұған үкім шығаратын сен боласың!» деді. Сосын, алдымен біздің дінімізді қабыл алуын, әйтпесе басын кесуім керектігін бұйырды. Тұтқыныма мен де: «Бауырым, хақ жолын таңда. Сен адасып жүрген жансың» деп түсіндіруге кірістім. Ол болса: «Жоқ» деп қарап тұр. Екі сағаттан бері айтқанымның, хақ жолын түсіндіруге тырысып баққанымнның бәрі далаға кетті. Ашудан көзім қарауытты. Ақыры капитаныма: «Менің қолымнан ештеңе келмеді. Енді сіз бірдеңе деңіз» дедім. Арамызда төрелік айтып жүрген қазымыз келді. Ол да менің айтқандарымды қайталады. Тұтқын қазының да айтқандарына мән берместен: «Сендердің мына айтып жатқандарыңның бәріне түкіргенім бар» деді. Мен болсам: «Жігітім, басың кетеді, қабылда» дедім. Тағы да «Жоқ» деді. Жаным ашыды оған. Аллаһ Тағала қасиетті кітабымызда: «Жазалайтын сәтте, менің үкімімді орындайтын кезде аяушылық жасамағын» деген. Раббымыз рахым етпесе, мен неге рахымшылық жасайын? Оллаһи, мен де оның басын кесуді қаламадым. Қолым бармады. Тілім кесілді. Бірақ өзі де тіл алмады ғой. Ақыр соңында «бұл сенікі, басын сен аласың!» деген бұйрық келді. Мен болсам: «Кесе алмаймын, тауық емес қой» дедім. Басшымыз бұл жолы қаһарына мініп, «Егер бұны жасамасаң, аты-жөнің агенттерге беріледі» деп қорқытты. Басшыға бағыну — Расулға бағыну, Расулға бағыну — Аллаһқа бағыну. Бұл ақиқат. Айтқандарын, берген әмірін орындауға мәжбүрсің. Артыма қайырылып, достарыма қарадым да, қабыл етпеске шарам қалмады. Ашық алаңға, жұртың ортасына апардық та, бетіме пердемді киіп, басын шаптым.

Тағы осындай оқиғалар есіңізде ме? Оның басын шапқаннан кейін қандай күйде болдыңыз?

— Оның ұлты күрд еді. Аудармашы арқылы сөйлесетінбіз. Қолына Абдуллаһ Өджалан деп татуаж жасатып алған. Тіпті, «Өлетінімді біле тұра, қанша жылдан бері осы ұйымның мүшесімін. Өлермін, алайда, екі көзім артта қалады. Бар арманым — Өджаланды бір көру» дегені бар. Оның атын да білетінмін. Бірақ қазір есімде жоқ, ұмытып қалдым. Сол оқиғадан кейін 10-15 күндей өз-өзіме келе алмай көпке дейін қиналдым, ұйықтай алмадым. Ол жерде тауықтың қадірі бар, алайда, адамның тауық құрлы құны жоқ еді. Адам өлімін көру біз үшін қалыпты жайттай болып кеткен-тін. Таңдау екеу: я кәпір сені жоқ етер, я болмаса сен кәпірді жоқ етерсің.

Бұдан бұрын, полиция өкілдері, тиісті органдар сізден ештеңе сұрамады ма?

— Жоқ. Енді ғана бастады. Екі күн бұрын досымның біреуін барлау ұйымына шақырыпты. «Бұған үйрене беріңдер» депті. Мен де өзімнің бақылауда екенімді білемін. Бір жағдай бола қалса, Анкарада бірі өз-өзін жарып жіберсе де, алдымен бізді сұраққа алатындары белгілі ғой.

Енді Түркияда немен айналыспақсыңдар?

— Автотұрақтан бір жұмыс таптық. Одан бөлек, әйеліммен татуласып, онымен отбасылық өмірімді жалғастырғым келеді.

Бұл жерде тұрмысыңыз ойдағыдай болмаса, Ислам мемлекетіне оралу ойыңызда ма?

— Солай ойлап қоямыз. Ниетіміз де сондай. Алайда бұл жолы кететін болсақ, қайтып оралмаймыз.

Түркияға үйренісіп жатсырсыздар ма?

— Әлі үйренісе алар емеспіз. Ортаға үйрену қиынырақ. Көріп тұрғаныңыздай, адамдар ашық-шашық. Біз жабық киінген адамдарға үйреніп қалыппыз. Туып-өскен Түркия маған өзгеше, жат болып тұр. Өзімді Иракта немесе Сирияда туып-өскендей сезінемін. Ол жаққа үйренгеннен кейін, бұл жақта қиындау. Оның үстіне атыс-шабысқа да төселіп, етіміз үйреніп қалған... 

gonzo.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста